«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Байқоңыр ауданында – жаңа басшы

0 222

Кеше Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясында елорда әкімі Бақыт Сұлтанов Байқоңыр ауданының әкімі қызметіне тағайындауға Асқар Есіловтің кандидатурасын ұсынды. Мәслихат депутаттары бұл кандидатураны бірауыздан қолдады.

Асқар Есілов 1979 жылы Целиноград қаласында туған. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 2002 жылы Орал мемлекеттік заң академиясын, 2005 жылы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1998 жылы Астана қаласы Қаржы департаментінің бас маманы-заңгер қызметін атқарудан бастаған. 2014 жылғы сәуір айынан бастап 2015 жылғы 2 наурыз айына дейін «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ корпоративті басқару департаментінің директоры. 2016 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

 

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды