БАЙҚАУҒА ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ

0 112

ef57961f1ff0cf619b808c744a1

Елімізде «Аялаған Астана» балалар ән байқауының іріктеу кезеңі жүріп жатыр.

Бұл – Астана қаласының әкімдігі мен жыл сайынғы халықаралық «Новая волна» байқауын өткізуімен айналысатын ресейлік «АРС» компаниясы ұйымдастырып отырған поп әншілердің республикалық додасы. Жоба мақсаты – республикамыздың түкпір-түкпірінен дарын иелерін іздеу. Іріктеуге қалалардан бөлек, аудан, ауыл тұрғындары қатыса алады. Байқау ұйымдастырушылары қатысуға тілек білдірген кез келген қатысушыға өз өнерін көрсетуге жағдай жасайды. Іріктеу кезеңі Қа­зақстанның 16 қаласында өтеді. Жас әншілерді Қазақ эстрадасының белді өкілдері Батыр Байназаров, Салтанат Бақаева, Әсем Көпбаева, Гүлнұр Оразымбетова, Иван Бреусов, Алмас Кішкенбаев, Маржан Арапбаева, Әлішер Кәрімов, Мөлдір Әуелбекова, АDAM, Данияр Өтегенов, Анель Аринова жинайды. Байқауға 8-12 жас аралығындағы өнерпаздар қатысады. Сайыс үш кезеңнен тұрады: республика бойынша іріктеу, жартылай финал және финал. Финалистер Ас­танаға келіп, кәсіпқой мамандармен жұмыс істейді. Жеңімпаздар есімі қала күні қарсаңында анықталады. Олар арнаулы ақшалай жүлде – бір миллион теңгемен марапатталып, Қазақстан атынан Халықаралық «Детская новая волна» ән байқауына қатысу мүмкіндігін иеленеді.

Еркежан СӘТІМБЕК

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seventeen + seven =