©2020 Астана Ақшамы
Байқаудың басталуына аз қалды
Нұрғали ТҰРЛЫБЕКОВ, Астана қаласы мемлекеттік филармониясы бас директорының шығармашылық жөніндегі орынбасары:
– Нұрғиса Тілендиев атындағы «Өз елім» ІІІ музыкалық фестиваль-байқауы өтеді. Мұның ерекшелігі неде?
– Осымен үшінші рет өткізілетін өнер додасының басталуына аз қалды. Бұл байқауда тек Нұрғиса Тілендиевтің шығармалары орындалады. Өйткені, оның әндері – кәрі мен жасты бірдей ерекше сезімге бөлейтін, сиқырлы һәм құдіретті әуені бар, қайталанбас шығармалар. Байқау 29 наурыздан 1 сәуірге дейін өтеді. Қазір қызу дайындық басталып кетті.
– Байқауға қатысушыларға қандай талаптар қойылады?
– Байқауға 16-дан 35 жасқа дейінгі жас музыканттар қатысады. Қазақстанның әр облысынан классикалық вокал (әйелдер мен ерлер), домбыра, дирижер аталымдары бойынша 2 қатысушыдан қатыса алады.
– Жеңімпаздарға тігілген жүлде қоры қандай?
– «Бас жүлде – Астана қаласы әкімінің кубогы мен 1 200 000 теңге ақшалай сыйлық. Сонымен қатар, Гран-при – 800 000 теңге, 1-ші орын – 600 000 теңге, 2-ші орын – 300 000 теңге, 3-ші орын – 150 000 теңге ақшалай сыйлықпен және медальдармен марапатталады.
Е.СӘТІМБЕК, Е.ЖАНАТ