Байқау жеңімпазы – ЕАГИ

0 95

Қазіргі заманның даму қарқыны оқытушылардың шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақ­стан – 2050» Қазақстан халқына жол­дауында «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауат­ты­лығы жоғары елге айналуымыз керек.

Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ, балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет» деп көр­­се­­тіл­­ген. Демек, бүгінгі ұрпақ жан­-жақты дамыған әрі үнемі бәсе­­ке­­ге қабілетті болуы керек. Ол­­ үшін жоғары оқу орын­да­рын­­­да оқы­ту­шылардың оқыту әдіс­те­ме­ле­рін­ жаң­ғыр­ту, студент­терге жаңа инновациялық технологиялық әдіс­­тер­ді қол­да­на отырып білім беру­ бү­гін­гі күннің өзекті мәселесі болуы тиіс.

Бүгінгі оқытушы ең озық білім­ бе­ру жүйесін дамыту үшін жа­ңа­ идея­лар­ға сай үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыратын ғалым-педагог болуы шарт.­ Осы­ған орай Талдықорған қала­сын­да І. Жансүгіров атын­да­ғы Жетісу мемлекеттік уни­вер­­си­­тетінде Қазақстан Респуб­ли­ка­сы Білім және ғылым минис­тр­лі­гі «Ұстаз» жоғары оқу орын­да­ры ассо­циа­циясының ұйым­дас­ты­руы­мен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының жас ұстаздар арасында «ХХI ғасыр оқы­ту­шысы» атты республикалық бай­қауы өткізілді. Байқауға ұлттық, мем­ле­кет­тік жоғары оқу орындарынан 38 оқытушы қатысса, астаналық мем­ле­кеттік емес жоғары оқу орны – Еуразия гуманитарлық институтынан 5 оқытушы кәсіби біліктілігін сынға салды.

Байқаудың мақсаты – жоғары оқу орындарында жаңа инновациялық және шығармашылық бағытта білім беретін оқытушыларды анықтай отырып, шеберлікті шыңдау. Сайыс екі күнге созылды. Бірінші кезеңде педагогика-психологиялық тест қабылданып, оқытушылардың білім-біліктіліктері анықталды. Сондай-ақ, оқытушылар өзін-өзі таныстыра отырып, педагогикалық әдістемелерімен қатар, сайыс шартына сай өздерінің сүйікті істерімен: домбыра тарту, ән салу, спорт түрлерімен айналысатынын көрсетіп, бүгінгі оқытушының жан-жақты кәсіби тұлға болу қажет­ті­лігін айқындап берді.

Екінші кезеңде жас оқытушылар оқытудың жаңа технологиялық әдістері бойынша универси­тет­ сту­денттеріне дәріс сабақ­та­рын жүргізді. Дәрістер барысында оқытушылар өзара озық тәжі­ри­бе­­лерімен бөлісіп, жоғары кәсіби біліктілігін көрсете алды. Байқау мәресінде қазылар алқасының шешімімен білім берудегі қол­дан­ған әдістерімен ерекшеленген оқытушылар марапатталды. Бірін­ші орынды әріптесіміз Еуразия гуманитарлық институтының түлегі, шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы Мақпал Қызырова иеленді. Қалған төртеуміз көрсеткен шебер­лік­те­рі­міз үшін арнайы дипломдармен марапатталдық.

Жалпы, осы байқау еліміздегі білім берудің сапалық деңгейі қазіргі уақыт талабына сай жоғарылап келе жатқанын аңғартты. Аз күн ішінде көп көрдік, көп үйрендік. Енді сол алған тәжірибемізді астаналық әріптестерімізбен бөліссек дейміз.

Лаура ДӘУРЕНБЕКОВА,
Еуразия гуманитарлық институты­ қазақ және орыс филологиясы кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

ten − 1 =