БАЙҚАУ ТАҚЫРЫБЫ – ӨМІР ЭНЕРГИЯСЫ

0 123

«Медикер» компаниясы еліміздің денсаулық сақтау саласында жемісті қызмет көрсетіп жүрген ұйымдардың бірі саналады. Кеше айтулы компания басшылығы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне арналған «Өмір энергиясы «Медикермен» бірге» атты шығармашылық байқаудың жүлдегерлерін марапаттады.

Қазақстан Журналистер одағының қолдауымен өткізілген байқаудың жеңімпазы болып көп жылдар бойы салауатты өмір салтын насихаттап келе жатқан «Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары Ғалым Қожабеков танылды. Екінші жүлделі орыннан «Вечерняя Астана» газетінің тілшісі Евгения Семашкина көрінсе, үшінші орынға да астаналық газеттің тілшісі Серік Жолдасбай ие болды. Жүлдегерлерге компания құрамындағы «Мейірім» көпсалалы медициналық орталықтың қаржылай сертификаты табысталды. Сондай-ақ бүгінде ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне серіктес болып отырған «Медикер» компаниясы басқарма басшысының міндетін атқарушы Айгүл Сегізбаеваның атынан бірқатар журналистер мен блогерлерге де арнайы сыйлықтар берілді. Байқауға қатысушыларды Қазақстан Журналистер одағының Астана қалалық филиалының төрағасы Мағжан Садыханов құттықтап, компания қызметіне табыс, әріптестеріне шығармашылық шабыт тіледі.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fourteen − eight =