БАЙҚАП ЖҮР, БАЛА ОТЫРСА КӨЛІГІҢДЕ

0 224

DSCN0607

Астана қаласы жол-патрульдік полиция қызметкерлері 11- 20 сәуір аралығында «Назар аударыңыз, бағдаршам!» республикалық шарасының екіншісі сатысы аясында жол-көлік жарақатының алдын алуға бағытталған «Сіздің жолаушыңыз – бала!» атты флэш-моб өткізеді.

Іс-шара, негізінен, жолаушы балалар ұшырайтын автокөлік апаттары санын азайту, қоғам мен көлік құралдары иелерінің назарын қауіпсіздік белдігін қолдану мен тасымалдау кезінде автокөлік салонында балаларға арнаулы құрылғылардың болуы қажеттілігіне аудартуды мақсат тұтады.

Жол-патрульдік полиция қызметкерлері, жол қозғалысының жас инспекторлары отряды және автокреслолар сататын дүкеннің өкілі бірлесіп ақпараттық бүктемелер таратады. Қауіпсіздік белдігін қолданбайтын жүргізушілерді анықтауға бағытталған рейдтік шаралар өткізеді.

Ал, арнайы  жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, автокреслоларды қолдану кезінде жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен балалар арасындағы өлім 80 %-ға, ауыр дене жарақаттары саны – 64-80%-ға, ал, жеңіл жарақаттар 70%-ға азаяды. Жолда оқыс жағдайлар орын алуы мүмкін, сол себепті, сондайда әлгі құралдар бала өмірін сақтап қалады.

Іс-шара  аясында елорданың барлық 72 мектебінде бір мезгілде  бас­тауыш сынып оқушылары назарына «Жолдас көмекке асығады» анимациялы сериал көрсетіліп, кешкі мезгілде мектептерге жиналған ата-аналарға краш-тестердің бейнекөрсетілімі мен жеңіл автокөліктермен балаларды тасымалдау ережелері түсіндірілді.

С.ОРАЛ

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two + three =