«Байланыс-орталығының» көмегі көп

0 86

Астана қаласында электрондық әкімдік аясында жұмыс істейтін тағы бір жаңа жоба бар. Ол «Байланыс орталығы» деп аталады.

Егер электронды порталдың қызметінің сапасына байланысты немесе қандай да бір қызмет түрін ала алмай жатсаңыз, онда осы «Байланыс-орталығына», яғни, 55-66-55 телефонына қоңырау шалуыңызға болады. Бұл орталықты құрудың мақсаты – елорда әкімдігінің құзыретіндегі мәселелер жөнінде тұрғындарға жедел түрде ақпарат беру, келіп түскен арыз-шағымдарды тиісті мекемеге жеткізу, азаматтардың үндеулеріне жедел жауап қайтару арқылы билік пен халық арасын жақындату. Әрі әкімдік қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету.
«Байланыс-орталығы» аптаның дүйсенбі күннен жұмаға дейін сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні сағат 11:00-ден 15:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал жексенбі және мереке күндері телефонға соғылған қоңыраулар тәулік бойы автоматты режимде жазылып қалады. Олардың ешқайсысы жауапсыз қалмайды дейді мамандар.
Ендеше, қандай да бір талап-тілектеріңіз болса, +7 (7172) 55-66-55, телефонына немесе support@astana.kz сайтына хабарласуыңызға болады.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × 3 =