Бахытжан МАЛЫБАЕВ, Астана қаласы Ішкі істер департаменті Жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТҮСІНІСТІК ТАНЫТҚАНЫ ЖӨН

0 135

–Жолдардың жабылуы – жол полициясының сақшыларына салмақ салады. Осы ретте автобустардың бағыты мен жүргізушілердің қозғалысын қалай реттейсіздер?

–Қаланың автокөлік иелеріне алдын ала маршруттарды жоспарлап және әзірленген жол кестесін уақытша пайдалануды ұсынбақпыз.

–Бейбітшілік көшесі жабылса, осы жолмен жүретін тоғыз маршруттың кестесі қалай болмақ?

–Қалалық қоғамдық көліктердің жүру тәртібі өзгертіледі. Мәселен, №9, 10, 23 маршрут Біржан сал көшесі – Жеңіс даңғылы – Бөгенбай батыр даңғылы – Бейбітшілік көшесі бойынша жүреді. №13 маршрут: Конституция көшесі – Жеңіс даңғылы – Бөгенбай батыр даңғылы; №14, 27 маршрут: Біржан сал көшесі – Есенберлин көшесі – Республика даңғылы; №19 маршрут: Біржан сал көшесі – Жеңіс даңғылы – Бөгенбай батыр даңғылы – Республика даңғылы; №22 маршрут: Біржан сал көшесі – Есенберлин көшесі – Республика даңғылы; №33 маршрут: Конституция көшесі – Жеңіс даңғылы – Бөгенбай батыр даңғылы. Кері бағытта да осы қозғалыс сақталады. Дәл осы сияқты Мирзоян көшесімен жүретін №14 және №26 маршрут бағыты сәл өзгереді. №12 маршрут Тұран даңғылы – Сарайшық көшесі – Қабанбай батыр даңғылы арқылы Д.Қонаев көшесіне шыға алады. №35 маршрут Қабанбай батыр даңғылы бойымен Сарайшық көшесіне түсіп, Сығанақ көшесіне жете алады.

–Бұл көшелердің бойында көптеген мекемелер мен тұрғын үйлер орналасқан. Жолдардың жабылуына байланысты ақпарат жеткізілді ме?

–Жол жөнделетін және уақытша қозғалыс шектелген ауданда орналасқан мекемелер мен тұрғындарға айналып өту кестесімен қоса ақпараттық парақтар таратылады. Осы ретте уақытша қолайсыздықтар үшін тұрғындардың түсіністік танытқаны абзал.

–Әңгімеңізге рахмет!

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seven + seven =