Бағытымызды белгілеп берді

0 86

Президент ұсынған «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – еліміздің болашақ табыстарының бағдары. Басты­ құжатта құқық қорғау органдарына­ қатысты ауқымды мәселелер аз айтылмады.­ Экономикалық сыбайлас­ жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі  Елбасы­ Жолдауында­ көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруда­ кешенді шараларды­ қолға алуда.

Мемлекет басшысы сыбайлас­ жем­қор­лық­қа қарсы күрес бойын­ша Қазақстанның тәжіри­бесін­де жинақ­талған үш негізгі шартты атап айтты:­ «Біріншіден, қатал әрі әділ­ заңдар қажет. Екіншіден, күшті саяси жігер қажет. Үшіншіден, барша қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қажет». Тек осы жағдайда ғана бұл дертті ауыз­дық­тау­ мүмкіндігі тумақ.

ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбай­­лас жемқорлыққа қарсы күрес агент­­ті­­гінің төрағасы Рашид Түсіпбеков «Казах­­с­тан­ская­ правда» газетіне берген сұхбатында Елбасы­ның тапсырмасына­ сәй­кес алдағы уақытта атқарылатын шара­лар­­дың негізгі бағыттарын атап өтті. Төра­­ғаның айтуынша,­ өткен жылы қаржы поли­циясы органдарының араласуымен 1 800-ден астам сыбайлас жемқорлық қылмыстары анықталған. Бұл көр­сет­кіш 2011 жылға қарағанда 2,2 пайызға артық. Ал былтырғы жылы 1 650 лауазымды тұлға қыл­мыстық жауапкершілікке тартылса, олар­дың ішінде 450-і республикалық және облыс­тық деңгейде, ал 1 200-і қалалық және аудандық деңгейде болып отыр. «Біз сандық көр­сет­кіш­терді ай­тып, дабыра қылып, боя­ма­­ла­ту үшін жұмыс істеуге тиіс емеспіз, керісінше терең сараптама жасап, мемлекетке­ мил­­лиард­таған залал келтіріп отырған сыбайлас жемқорлықтың ұйым­дасқан әрі­ жүйелі схемасын айқын­дау­ға көп мән­ бе­ру­іміз керек», деген төраға, бұдан бөлек, был­тыр­ғы жылы республиканың 10 өңі­рінде Әлеуметтік кәсіпкерлік корпо­­ра­­ция­лар­ға тұрақтандырушы азық-түлік қор­ларын қалып­тастыру үшін бөлінген бюджет қара­жа­тын жымқыру фактілері анық­тал­ға­нын атап өтті. Бірнеше қалаларда тұрақтандыру қорын қалыптастыру үшін бюджеттен бөлін­ген 2 млрд. 187 миллион теңгені жым­қы­ру фактілері бойынша 15 қылмыстық іс қоз­ғалған екен. Аталған фактілер бойынша тергеу жұмыстары аяқталған соң 1 миллиард теңгеден астам қаражат мемлекет қазы­на­сына қайтарылған. Міне, осындай олқы­лықтардың алдын алу үшін тиімді шаралардың нәтижесі болу керек. Бұл рет­те­ Елбасының Жолдауы алдағы уақытта атқа­­ры­­лу­ға тиіс шаралардың айқын бағыты болатыны даусыз.

Бижан Қаныбек,
Қаржы полициясы академиясының оқытушысы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × one =