Бағусыз мал жол апатына себепкер

0 12

Астана маңындағы елді мекен тұрғындары азын-аулақ мал ұстап, еті мен сүтін қала нарығында саудалап келеді.

қараусыз мал

Қоянды ауылы мен оған іргелес Парасат саяжайы, Қосшы мен Ақмол бағытындағы ауылдардың кейбір тұрғындары малын бақташыға табыстаудың орнына, ертемен қораның есігінен шығара салып әдеттенген. Бағусыз мал елді мекеннің ішін аралап, жол бойын жағалап жайылады. Бұл заң талабына қайшы. Қараусыз мал өзгенің бау-бақшасын, басқа да жекеменшік немесе қоғамдық мүлікті бүлдіруі, әсіресе, жол апатына себепкер болуы мүмкін. Төрт аяқты жануардың өріске жетуі үшін көп жағдайда жолды кесіп өтуі керек. Бағушысы жоқ мал тиісті өткелден өтудің орнына, тас жолдың кез келген тұсынан көлденең шығуы мүмкін. Мұндай қараусыз малды жаю фактісі анықталса, Жергілікті полиция қызметі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті аумақтық инспекциясы және астананың аудандық әкімдіктері бірлесіп, жануарлардың меншік иесін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 406, 408-баптары бойынша жауапкершілікке тарту жөнінде комиссиялық шешім қабылдайды.

Иесі анықталғанға дейін қарау­сыз қалған ауыл шаруашылығы жануарлары Нұр-Сұлтан қаласы, Алаш тас жолы, 72 мекенжайындағы арнайы қораға қамалады. Иесiне малы қайтарылған соң бағып, күтіп ұстауға жұмсалған шығындары өтеу міндеттеледі. Бұл шаралар жануарлардың қараусыз жайылуы салдарынан болатын жол-көлік оқиғаларын, сондай-ақ мал ұрлығы мен заңсыз мал еті саудасының алдын алуға мүмкіндік береді. Қала тұрғындары қараусыз мал мәселесі бойынша мына телефондарға хабарласа алады: 8 (7172) 55-68-96, 8 (7172)28-59-70.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × 5 =