Бағдат ӘЛИЕВ, Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы: ӨНІМНІҢ БАРЛЫҚ ТҮРІН ӘКЕЛДІК

0 156

Кеше Алматы облысынан шыққан автокеруен Астанаға табан тіреді. Арнайы жүк көліктеріне тиелген азық-түлік өнімдері қала алаңында өтетін жәрмеңкеде астаналықтарға арзан бағамен ұсынылмақшы. Осыған байланысты жетісулықтардың керуенін бастап келген Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Бағдат Байшалұлы Әлиевпен тілдескен едік.

Күзгі жәрмеңкені бірінші бо­лып Алматы облысынан келген ав­токеруен бастағалы тұр. Өнімнің қанша түрін әкелдіңіздер?

Қазақта «кеусен» деген та­маша дәстүр бар. Жылда күзгі жиын-теріннің науқаны кезінде Алматы облысы еңбеккерлерінің ауылшаруашылық өнімдері халыққа арзан бағамен сатылады. Жылдағы дәстүр бойынша Астана қаласына елу жүк көлігіне тиелген барлығы 400 тонна құрайтын азық-түлік өнімдерін алып келдік. Оның ішінде ет-сүт өнімдері, көкөніс, жемістер бар.

Алматы облысы 60 түрлі өнім өндіретін болса, соның бәрін әкелдік. Бұл жәрмеңкеге барлығы 16 аудан мен қалалар атсалысуда. Әсіресе, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарының өнімдері молынан жеткізілді.

Жәрмеңкенің басты мақсаты қандай?

– Жәрмеңке – қала маңындағы азық-түлiк белдеуiн дамыту және елордалықтардың сұранысын қанағаттандыру үшiн ұйымдастырылуда. Алматы облысы ауыл шаруашылығы саласының ма­мандары әкелген өнімдердің жалпы құны 130 млн теңгені құрайды.

Биылғы жәрмеңкенің ерекшелігі неде деп ойлайсыз?

– Жәрмеңкенің ерекшелігі сол, ауылшаруашылығы өнімдерінің барлығы нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан бағамен сатыла­ды. Бұдан бөлек елордалықтарға дайындап әкелінген мерекелік концертіміз бар. Алматы облысының өнерпаздары жәрмеңке өтетін күні қалалық алаңда өз өнерлерін ортаға салады.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

15 − 1 =