Бағдаршамдар көбейеді

0 10

Сығанақ көшесінде жаяу жүргіншілерге бағдаршам орнатылады.Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы елордада көше-жол желісін дамыту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Сығанақ көшесінде жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршам мен Сарайшық көшесінде қосымша жолақтар орнату жоспарланған. «Сығанақ көшесінде (Жусан банк аумағы) жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршам нысандарын орнату көзделіп отыр. Сондай-ақ іргелес аумаққа өту әрі Сарайшық көшесінде (Қараөткел көшесі ауданында) кедергісіз бұрылыстарды жүзеге асыру үшін қосымша қозғалыс жолақтары орнатылады. Жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршам нысандарын орнату қала құрылысы нормаларына сәйкес қауіпсіз және жаяу жүргіншілер қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді» делінген басқарма хабарламасында.
Сонымен қатар әкімдіктің мәліметінше, Сарайшық көшесі мен Сығанақ көшесі бойында көліктерге арналған бұрылу жолақтарын ашу жоспарланып отыр. Қабылданған шаралар тұрғындардың қолайлылығы үшін жүргізілуде. Нұр-Cұлтан қаласының тұрғындары әрі қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауы қажет.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

11 + 12 =