Бағдарлама орындалуы – бақылауда

0 16

Nur Otan партиясы астаналық филиалының төрағасы, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің төрағалығымен партияның саяси кеңесінің отырысы өтті. Жиында Nur Otan-ның «Өзгеріс жолы: Әр адамға лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасын орындаудың Жол картасын іске асыру барысы талқыланды.

Отын-энергетикалық кешен және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Төлеген Құлұшев қаладағы тұрғын үй массивтерін газдандыру бағытындағы жұмыстар, 1-ЖЭО, 2-ЖЭО-ын қайта жөндеуден өткізу, электрмен жабдықтау, су тарту желілері, нөсер кәрізі құрылысы туралы ақпарат берді. Жаздың басынан бері 4 885 тұрғын үй газға қосылса, жыл соңына дейін 9947 үйге газ тарту жоспарланған.
Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы Жансұлтан Сапарбаев автокөлік жолдарын салу мен жөндеу, сондай-ақ қаланың тұрғын үй массивіндегі инженерлік желілерді салу бағытындағы жұмыстарды баяндады. Биыл Нұр-Сұлтан қаласында 3 жаңа автобус бағдары ашылды, 8 көшеде қосымша қоғамдық көлік жолағы салынып, 115 көше толықтай жөнделді, сондай-ақ 7 шақырымға созылатын жаңа көшелердің құрылысы жүргізіліп жатыр.
Құрылыс басқармасының жетекшісі Арсен Жанғасқанов мектептер, спорт кешендерінің құрылысы туралы баяндады. Биыл 15 мектеп пайдалануға беріледі. Қыркүйек айында 8 мектеп тапсырылды. Соның нәтижесінде 40 мың оқушы орындары пайда болды, бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда екі есеге, 2019 жылмен салыстырғанда 4 есеге көп. «Көктал», «Өндіріс» тұрғын алаптарында спорт кешендері салынды. Бұдан бөлек, «Үркер», «Теміржолшылар» тұрғын алабында спорттық кешендер салынуда.
Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Әнуар Саипов баспаналардың салынуы, тапсырылған үйлер, пәтерлер мен лифтілерді қайта жөндеу жұмыстары туралы баяндады. Биыл бас қалада 25 тұрғын үй, 30 лифті жөндеуден өтеді. Жиын соңынан Алтай Көлгінов жергілікті құзырлы органдардың басшыларына тапсырма берді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × 4 =