Бағдарлама барысы – бақылауда

0 78

Мәжiлiстегi «Нұр Отан» ХДП депутаттары индустриалдық парк аумағындағы бiрқатар кәсiпорындардың жұмысымен танысты. Мәжiлiсмендермен бiрге ол жерде Астана қалалық мәслихатының хатшысы Сансызбай Есiлов пен депутат фракциясының жетекшiсi Бауыржан Исабаев та болды. Халық қалаулыларының жылы орындарынан тұрып, қала шетiндегi индустриалды паркке табан тiреуiнiң себебi жоқ емес. Ол – үдемелi индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы шеңберiнде iске қосылған өндiрiс орындарын көзбен көрiп, жай-күйiмен танысу.

Гүлжан Қарағұсова, Алдан Смайыл бастаған бiрқатар Мәжiлiс депутаттары партияның астаналық филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары Қайрат Жаңабергеновтың жол сiлтеуiмен «Кровля НС» сэндвич-панельдерiн шығару зауытына келдi. «Көрiп тұрғандарыңыздай, зауыт жұмыс iстеп тұр». Халық қалаулыларын қарсы алған кәсiпорын директорының мiндетiн атқарушы Евгений Чемодановтың аузынан шыққан алғашқы сөз осы болды. 2010 жылдың қазанынан бастап iске қосылған зауыт өткен жылы 467,5 млн теңге көлемiнде өнiм шығарды. Бүгiнгi жұмыс күшi айына 20 мың шаршы метр панель шығаруға мүмкiндiк бередi. Жақында қабылданғалы отырған «Қолжетiмдi баспана» бағдарламасы зауыттың жұмысын жандандыра түседi деген үмiт те жоқ емес. Өйткенi, мамандар баспана құрылысына қажеттi материалды Ресей және басқа да елдерден тасымай, өзiмiздiң өнiмдердi пайдалануды көздеп отыр. Евгений Чемоданов «бiзде бәрi жақсы» деп баяндай келе, бiр датын айтты. Ол – кадр мәселесi. Бүгiнде зауытта 51 адам жұмыс iстейдi. Десек те, дайын кадр табу – қиынның қиыны. Айтуынша, зауыттағы мамандардың барлығын өздерi оқытып, дайындаған екен. Бұл мәселеге депутаттардың берген жауабы мынадай болды: «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша мамандарды даярлау кезiнде жұмыс берушi-лердiң талаптары ескерiлуi тиiс. Әрi даярлықтан өту кезiнде ол маманның өндiрiс орындарында тәжiрибеден өтуiне мүмкiндiк жасау. Мұндай әдiс маманның бiлiктiлiгiн арттыруға, ал жұмыс берушiге кадр мәселесiн шешуге мүмкiндiк бередi. Бұл – халық қалаулыларының пiкiрi.
Депутаттар мiнген көлiк бұдан кейiн темiр-бетон бұйымдарын шығаратын «Мақсат АБК (Астана бетон комбинаты)» ЖШС-ның зауытына беттедi. Оның құны – 2,9 млрд теңге. 2010 жылы iске қосылды. 2011 жылы 1157,8 млн теңгенiң өнiмi өндiрiлген. Зауытты араламас бұрын депутаттар еңбек ұжымымен кездестi. «Нұр Отан» ХДП мүшелiкке өтуге өтiнiш бiрдiрген 7 адамға партия билетiн табыстап, қатарға алынуымен құттықтады.
Бұл күнi депутаттар «Talgo» жолаушылар вагондарын шығаратын «Тұлпар Talgo» БК ЖШС зауытына да бас сұқты. Зауыт басшысы Стани-слав Подовец және «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-ның басшысы Марат Тiлеубаев меймандарды қарсы алып, өндiрiс алаңындағы ахуалды баяндады.
2015 жылға қарай бұл зауыт 420-ға тарта «Тальго» жолаушылар вагонын пайдалануға бермек. Мұны сұхбаттасу кезiнде «Тальго» зауытының бас директоры Станислав Подовец мәлiмдедi. Айтуынша, еуропалық сапаға ие вагондар тек Қазақстанның темiр жолдарында қатынайтын болады. 35 вагоннан тұратын әрбiр пойыз құрамы 507 адамға дейiн тасымалдай ала-ды. Бiр вагонның орташа құны – 700 мың еуро. Вагонды жасау кезiнде жолаушылардың ескерту-шағымдары ескерiлдi. Қытайда жасалатын вагондар көбiнесе тар, орындықтардың орналасуы бiр-бiрiне жақын болып келедi. Ал өзiмiздiң төлтума вагондарымыз биiк әрi кең болады. Айта кетерлiгi, бұған дейiн елiмiзге вагондар көбiнесе Ресейден әкелiнетiн. Әрi оның бағасы да арзан емес-тiн. 1 млн 200 мың доллар көлемiнде. Депутаттардың «Өнiмдерiңiздi шетелге шығармайсыздар ма?» деген сауа-лына ол: «Бiздiң алдымызда әуелi iшкi нарықтағы сұранысты қанағаттан-дыру мақсаты тұр. Елдегi вагондардың қандай күйде екендiгi ешкiмге де жасырын емес, сондықтан олардың барлығын жаңарту қажет. Әуелi өзi-мiздiң сұранысымызды өтеп алайық, өзгенi сосын ойлайтын боламыз», – деп жауап қатты. «Қазақстан темiр жолы» АҚ «Тальго» зауытының ал-ғашқы өнiмiн Алматы-Петропавл бағытына пайдалануды көздеп отыр.
Мәжiлiс депутаты Алдан Смайылдың айтуынша, мұндай кездесудiң жиi болғаны жақсы. «Бiрiншiден, ол бюджеттiк бағдарламалардың орындалу барысын бақылауға мүмкiндiк бередi. Екiншiден, еңбек ұжымымен тiлдесiп, ондағы ахуалмен танысып, әлеуметтiк мәселелердi шешудiң бiр жолы. Сондықтан, мұндай сипаттағы кездесу мен сұхбаттасудың мейлiнше көп болғаны жақсы», –дейдi А.Смайыл.

Айнұр ШОШАЕВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 + 13 =