БАҒАСЫ КӨТЕРІЛГЕН СУДЫҢ САПАСЫ ТӨМЕН БОЛМАЙДЫ

0 100

 «Астана су арнасы» МКК су-кәріздендіру қызметтерінің тарифтері өсуінің себептерін түсіндіруге рналған «дөңгелек үстел» өткізді.

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің 2011 жылғы 25 шілдедегі бұйрығына сәйкес, 2012 жылдың 1 қыркүйегінен бастап тұтынушылардың тобы бойынша және жекелеген суды есептеудің құрылғылары бар жеке тұлғаларға суды тұтынудың мөлшері бойынша сараланған кесімді ақының шектеулі деңгейі енгізілген еді. Үш жылдық кезеңге, 2011-2014 жылға арналған инвестициялық бағдарламадағы тариф бойынша тұтынылған су үшін астаналықтар мынадай тариф бойынша төлеп келді. Мәселен, пәтерінде су есептеу құралдары бар, айына 1адам 3м3 дейін су пайдаланса – ең төменгі тариф бойынша – текше метрге 30,36 теңге. Суды тұтыну көлемі айына 1 адамға 3 м3 асатын тұрғындарды екінші топқа бөліп, орташа тарифтер бойынша – текше метрге 36,43 теңге төлесе, су есептеу құралдары жоқ тұрғындар 3-топтағы ең жоғарғы тарифтер бойынша әр текше метрге 43,72 теңге төлейтін. Енді жаңа тариф бойынша: бірінші топтағы тұтынушылар бір адамға шаққандағы 3 текше метр су үшін – 34,91 теңге, одан артық тұтынса – 41,9, ал есептеу құралдары жоқ тұтынушылар – 52,72 теңге төлейді. Бұл қосымша құн салығын қоса есептегендегі бағалар.

Жаңа тариф бойынша 2-топтағы бюджеттік мекемелер, жылу энергиясын өндіру, тарату бойынша қызметін көрсететін мекемелер – 104,99 теңге, ал 1және 2-топқа жатпайтын заңды тұлғалар 125,38 теңге төлейді.

Кәріз қызметінің бағалары жалпыға бірдей 21,06 теңгеден 24,21 теңгеге дейін өспек. 2-топтағы тұтынушылар әр текше метр суға – 104,03 теңге, 3-топтағылар – 113,39 теңге төлейтін болады. Бұл бағалар келесі жылдың қыркүйегіне дейін өзгертілмейді.

Қазіргі уақытта «Астана су арнасы» МКК 2011-2014 жылға арналған инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру үстінде. Бұл бағдарламаның аясында өндірістік- бұрғылау кешені, зертхана, сумен жабдықтау және кәріздеу желісі сорғы стансаларындағы жоғары кернеулік жабдықтар ауыстырылған. Алдымыздағы жылдары көлік пен арнайы механизмдерді сатып алу, ескірген энергетикалық құрылғыны ауыстыру қарастырылуда. Желілерді ауыстыру және жөндеу кәсіпорынның нормативтік техникалық шығындардың азаюына жәрдемдесіп қаланы сапалы сумен жабдықтау сапасын жақсарта түседі.

Айгүл УАЙСОВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × 1 =