Бағаның қымбаттауына жол берілмейді

0 62

Елордалық үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) пневмония мен коронавирус инфекциясын емдеуде қажет дәрі-дәрмектер бағасының негізсіз көтерілуіне жол бермеу мақсатында қоғамдық мониторинг жүргізді.

«Мониторинг және рейд кезінде біз дәріханалардағы дәрі-дәрмектердің қолжетімділігі мен бағаларын қарастырамыз. Бұл санатқа дене қызуын түсіретін, антикоагулянттар, антибиотиктер, вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер кірді. Біз үшін, қоғам белсенділері ретінде, азаматтардың дәрі-дәрмектерді қолжетімді бағамен сатып алуы өте маңызды» деді «Рухани қоғам әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы ­Лимана ­Қойшиева.
Мониторинг барысында қоғам белсенділері азаматтарды індеттің алдын алу үшін санитарлық нормаларды сақтауға шақырды. Сондай-ақ Үкімет пен елорда әкімдігі дәрі-дәрмектерді сатып алу мен жеткізу рәсімдерін жеңілдету, логистика бойынша қолдау көрсетуде. Қалалық прокуратура, полиция департаменттері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі, мемлекеттік кірістер, экономикалық тергеу, фармацевтикалық бақылау қызметкерлерінен тұратын мобильді топ дәрі-дәрмекпен алыпсатарлық фактілерін болдырмау үшін күнделікті жұмыс істейді. Атап айт­қанда, I-teka қосымшасын қолдана отырып, әлеуметтік желілердегі (Instagram, Facebook, Telegram, WhatsApp) хабарламаларды зерделеу арқылы бағалар үнемі бақылауда.
Азаматтар дәрі-дәрмек бағасының негізсіз қымбаттаған байқаса, іKOMEK 109 бірыңғай байланыс орталығы мен +7 775 160 55 32 WhatsApp нөміріне хабарлама жіберу қажет.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × three =