Бағаны тұрақтандыру – бақылауда

0 27

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаттары Азық-түлік бағасын тұрақтандыру бағдарламасына қатысып жатқан, өзге сауда нысандарына қарағанда әлеуметтік маңызды та­уарлардың бағасы 10-20 пайызға арзан ірі супермаркеттерді аралап, көшпелі кеңес өткізді. Әртүрлі жарма мен макарон өнімдері сақталатын қоймаларды тексеріп, нан-тоқаш өнімдерін төмен бағамен сататын наубайханалардың жұмысымен танысты.Соның барысында қалалық мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов қалалық Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасына ардагерлер ұйымдарына, тұрғындардың әлжуаз топтарына жедел мерзімде елордада азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бағдарламасына қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
– Бағаны тұрақтандыру мәселелерін тұрақты бақылауда ұстайтын боламыз. Себебі осы тоқсанда негізгі азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуі байқалады. Депутаттар фьючерлік шарттар шеңберінде жұмыс істейтін тұрақтандыру қорының жұмысына негізгі тауарларды қалыптастыру рәсімдері тұрғысынан тұрақты түрде мониторинг жүргізетін болады, – деді Е.Каналимов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × 3 =