Бағаны негізсіз көтергендер жазаланды

0 57

Бас қалада азық-түлік бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерлер жазаланды. Ресми ақпарат бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлеріне бағаны негізсіз көтергені үшін «Interfood», «ВкусМарт», «Встреча» супермаркеттерінің басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл көлемі 100 АЕК (265100 теңге) құрайды.Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу және санитарлық нормаларды сақтау бойынша әкімдіктің мобильдік топтары, прокуратура мен монополияға қарсы органдардың қызметкерлері бірлесіп рейдтер жүргізіп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу, қаладағы карантин және төтенше жағдай режимі кезінде санитарлық нормаларды сақтау бойынша шаралар кешенін қабылдады.
«Айналым сызбасы» жобасына «Magnum», «Астықжан», «Кеңмарт», «Small», «Шапағат», «Еуразия», «Артем», «Биг Шанхай» сияқ­ты сауда орындары қатысады. Елімізде мынадай тауарларға шекті бағалар белгіленді: бірінші сортты бидай ұны, бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді), рожки (өлшеніп салынатын), қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын), тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын), сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі), тауық жұмыртқасы (I санатты), күнбағыс майы, ас тұзы («экстра»-дан басқа).
Супермаркеттерде, дүкендерде арнайы белгілер орнатылды, сатып алушылар арасындағы тиісті арақашықтық қажет. Міндетті түрде кезек сақталуы керек. Санитайзерлер орнатылды. Барлық азық-түлік нысандары санитарлық нормаларды қатаң сақтауға міндетті. Тәртіп бұзушылық фактілері анықталған жағдайда айыппұл салынып, нысан жұмысы тоқтатылады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × 5 =