БАҒАЛЫ БАСТАМАНЫҢ БАРЫСЫ

0 85

Газетіміздің өткен сандарының бі­рін­де еліміздегі білім ошақтарында ағыл­шын тілі арқылы өзге елдің салт-санасы сің­діріліп жатқаны туралы мәселе кө­­тергенбіз. Барлық оқу орындарында­ шет тілінің негізінен орыс тілінде оқы­тылатынын, ал балабақшадағы бүл­дір­шін­деріміз министрлік тарапынан бекі­тілген әдістеменің жоқтығы салдарынан өзге елдің салт-санасын сіңіріп жатқанын айт­қан едік.

Ең өкініштісі, шет тілі пәнін оқыту ба­­­­ры­­­­­сын­­да­­ қа­­за­қ­­тіл­­ді­­ аз­а­­мат­­тар­­дың­­ құ­­­­қы­­ тап­­та­­ла­­ты­­ны,­ тіл­­ ті­­ке­­лей­­ қа­зақ­ ті­­лін­­­­­де­гі­­ ау­дар­малар мен әдіснамалар ар­­қы­­лы­ оқы­тыл­май­тын­дық­тан­, орыс ті­­лі та­ғы­ да­ зор­лап таңылып жатқаны нақ­­ты кейіпкерлеріміздің сөзімен дә­лел­денген еді.

Алайда, елордада тыңнан түрен салып, балабақша жасындағы бүлдіршіндерге ағылшын тілін тікелей қазақ тіліндегі аударма мен мемлекеттік тілдегі әдіснама арқылы оқытатын, жаңа жобаны өзі да­­­­йын­дап шығарған ұстаз бар болып шық­ты. Ол – қаламыздағы №29 «Ақ қа­й­ың» балабақшасының ағылшын тілі оқы­­тушысы Айгүл Саутова. Біз жуырда ең­бегі ел аузында жүрген мұғалімді із­деп­ барып, әңгімеге тарттық.

Елордада балаларға шет тілін оқы­тып­ жүргеніне он жылдан асқан ұс­таз әуел­де ағыл­шын­­ ті­лін өз­ге­лер­ се­кіл­ді­ орыс ті­лін­де өткізіп жүріпті. Алай­да, Ата заңымызда «мемлекеттік тіл – қа­зақ тілі» деп тайға таң­ба басқан­дай жазылған болса да, ба­ла­­ларды зор­лық­пен орысша сөйлетіп жүр­­ген жағ­­дайы­мыз ұс­таз­дың­ жа­ны­­на ба­та­ды. Сөйтіп, «тым болмағанда қазақ то­бын­да­ғы ба­ла­лар­ға­ ағыл­шын­ ті­лін­ қа­­зақ­ша­ оқы­тып­, не­ге ағыл­шын ті­лі­мен­ қатар мемлекеттік тілімізді сіңдіре бер­меймін» деп алдына мақсат қояды. Со­дан былай тілді қазақша оқытатын әдіс­темені жасауға кіріседі. Бұған, әрине, балабақша меңгерушісі Светлана Өмірсерікқызы мен әдіскер Сәуле Қап­таева қолдау көрсе­теді.

2008 жылға қарай Айгүл Сайран­қы­зы көз­де­ген­ мақ­са­ты­ бо­йын­ша ал­­ғаш­­қы­ нә­ти­жеге­ қол жеткізеді. «Ағыл­шын тілі – балабақшада» деп атал­ған­ мек­теп­ке­ де­йін­гі­ ұйымдардың ағыл­шын тілі мұғалімдеріне арналған әдіс­темелік құрал жарық көреді.

«Әдістемені жасарда Еуразия ұлт­тық­ уни­вер­си­те­ті­нің доценті, педа­го­гика ғылымдарының кандидаты­ Фа­тима Жұмабековадан кеңес сұра­дым. Әдістеменің педагогикалық та­­лап­­тар­ға сай болуы үшін ол кісі де­ маған қол соз­ды», – дейді Айгүл Сайранқызы. Осы­лай­ша­ жан­-жақ­ты да­йын­дық­ пен­ із­де­ніс­тің­ ар­қа­сын­да­ жа­рық­ көр­ген­ әдіс­те­ме­ Ас­та­на­ қа­ла­сы­ бі­лім де­партаменті білім беру жүйесіндегі пе­да­гог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында қорғалып, қабылданады. «Ақ қайың» балабақшасында ағылшын ті­лі ағылшыншадан қазақшаға, қазақ­шадан ағылшыншаға тікелей аудары­лып, мемлекеттік тілде оқыла бастай­ды.­

Бүгінгі күні Айгүл Саутованың жаса­ған жобасы елордада кеңінен тарап үл­­гер­­ген. Балабақша ұстаздары іздеп ке­ліп, әдістемелік құралдың көшір­ме­сін алып кетеді. Бұл, әрине, балалар­ды мем­лекет­тік тілге баулысам деген­ ниет­­тен туады. Ағылшын тілін оқыту ба­ры­сында онсыз да ана тілімізге кө­лең­­­кесін түсіріп жүрген орыс тілін таң­бау, аза­мат­тардың мемлекеттік тілде ақпарат алу тұрғысындағы құқын қорғау мақсатын жүзеге асырады.

Авторлық еңбек ретінде бекітіп, көп­тен ақы талап етпейтін Айгүл Сайран­қызының діттегені де – сол. Еңбегін көптің кәдесіне жаратып, балаларға тілді тікелей қазақша әдістемемен оқыту.

Мұны­мен қоса, «Астана ақшамында» көтерілген мәселе бойынша ол өз ойын да бүкпеді. «Ағылшын тілі пәнін өту барысында балаларға «Хэлуин», «Рождество» секілді діні жат елдің мерекесін тойлатуға мен де қарсымын. Біз тіл үйренуіміз керек, олардың салт-дәстүрін емес. Сондықтан, ағылшындардың ұлттық мерекелерін жай сөз жүзінде атап өтіп, сабақта тілдік қорды байыту үшін өзіміздің төл дәстүріміз бен салтымызды, ұлттық мерекелерімізді ғана тойлауды дәстүрге айналдыруымыз қажет», – дейді ол.

Нәзира САЙЛАУҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 + four =