Баға төмендеді

0 16

Елорданың ірі сауда желілері монополияға қарсы органның әрекеті арқасында азық-түлік бағасын төмендетті. Бұл ҚР бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын – монополияға қарсы комплаенсті бұзудың алдын алуда қабылданған шаралардың арқасында мүмкін болды.

6867c4fac8a6cc74651b99653f0f7734

Атап айтқанда, бас қаладағы «Magnum Cash&Carry» ЖШС сауда желілері «Скиф Трейд» ЖШС, «METRO Cash&Carry» ЖШС, «Анвар» ЖШС әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесінің мөлшерін 15%-дан 10%-ға дейін өз еркімен төмендетті. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті хабарлады. «Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңының 9-бабына сәйкес ішкі сауда субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында көрсетілгендей сатып алу бағасының 15 пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейді. Елорданың Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы кәсіпкерлерді азық-түлікке жоғары үстемеақы белгілеу фактілерін уәкілетті органдарға хабарлауға шақырды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × one =