БАҒА БАҚЫЛАУҒА АЛЫНАДЫ

0 119

Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов ұлттық валюта – теңгенің девальвациясына байланысты бағаларды тұрақтандыру мәселелері бойынша жиын өткізді, деп хабарлайды www.astana.kz сайты.

БЕДЕЛСӨЗ

Иманғали ТАСМАҒАМБЕТОВ, Астана қаласының әкімі:

003

Тарифтерді на­зар­дан тыс қалдырмау керек, әсіресе, жанар-жағармай баға­сын ұстау бо­йынша шаралар қа­былдануы тиіс. Мұнымен қоса, ком­муналдық қызметтер назарға алынады. Осыған байланысты, Алматы, Есіл және Сарыарқа аудандарының әкімдеріне Тұрғын үй инспекциясы басқармасымен бір­лесіп, тариф қалыптастыру мәселесін қатаң бақылауға алуды, ПИК тарапынан қызметтерге тарифтерді көтеру бойынша іс-әрекеттердің жолын қиюды тапсырамын.

Жиын барысында ұлттық валюта­ның девальвациясымен байланыс­ты мәсе­ле­лер талқыланып, ұлттық валютаның құнсыздануының жағымсыз салдарына жол бермеуге бағытталған іс-қимылдардың бірлескен жоспары әзірленді.

И.Тасмағамбетов Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерсайын Нағаспаевқа Ауыл шаруашылығы, Кәсіпкерлік пен өнеркәсіп басқармаларымен бірлесіп, негізгі азық-түліктердің бағаларына күн сайын мониторинг жүргізуді тапсырды.

«Бағаның өсуіне жол бермеу жөніндегі шараларды қабыл­­дап, баға келісімін болдыр­мау керек. Бұдан басқа, ірі сауда орталықтарында есеп­теуді шетелдік валютамен бай­ланыс­тыруға және жалға алу ақысын көтеруге жол бермеу керек. Жергілікті тауар өндірушілердің өз өнімдерінің бағасын жасанды түрде өсіруіне жол бермеу бойынша жекелеген жұмыс­тар жүргізіп, қаланың азық-түліктік қорын уақытылы толты­руға ба­ғытталған шаралар қабыл­дан­сын» деді қала басшысы.

Сонымен қатар, азық-түлік белдеуі аясында ауыл шаруа­шы­лығы өнімдерімен қамтамасыз етушілермен жұмыс жандандырылады.

Елорда әкімі Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына апта соңына дейін автопарктер мен таксопарктердің өкілдерімен көрсетілетін қыз­меттердің бағаларын қалып­тас­қан деңгейде ұстау қажеттілігі бойынша жұмыстар жүргізуді тапсырды.

Халықтың әлеуметтік осал топ­тары да назардан тыс қалған жоқ. Әкім тиісті басқар­маларға осы топқа жататын адам­дар үшін дәрі-дәрмек­тердің баға­сы­ның өсуіне жол бермеуді, сондай-ақ, жұмыс орын­дары­ның қысқартылуын және ең­бек­ақы төлеу бойынша еңбек заңнамасын негізсіз бұзу жағ-
дай­­ларына апта сайын мониторинг жүргізуді тапсырды.

Алақол кәсіпкерлердің үнемдеу мақсатында сапасыз өнімдерді сату фактілерін болдырмау үшін қоғамдық тамақтану желісінде, сондай-ақ, ауруханаларда, мектептерде, балабақшалар мен ЖОО-ларда пайдаланылатын азық-түліктердің сапасы бақы­лауға алынды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды