БАҒА БАҚЫЛАУДА

0 82

DSC_8713

 Астана қаласы Статистика департаментінің мәліметінше, 2015 жылдың соңында Астана қаласы бойынша азық-түлік тауарларына инфляция – 1,3 пайыз, азық-түлік емес тауарларға – 0,4 пайызды құрады.

Елордада бағалардың негізсіз өсуін болдырмау бойынша шаралар қолданылмақ. Бұл мәселе елорда әкімдігінің аппарат отырысында көтерілді. Сондай-ақ, жиында тауарлардың әлеуметтік-маңызды топтарына баға қалыптастыру жайы талқыланды.

Ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері елордалық 24 ірі сауда нысанында тұрақты баға мониторингін жүргізген. Соңғы бес айда 33 позицияның жетеуі бойынша бағаның айтарлықтай көтерілгені (10% артық) байқалған. Соның ішінде қант, өсімдік майы, жұмыртқа, сүт және тағы басқа да өнімдер қымбаттап, олардың құны шекті деңгейден асып кеткені тіркелген.

Бірақ бағалардың өсуіне объективті себептермен қоса, азық-түлік тауарларының бағасын келісіп қою және негізсіз көтеру деректері де  анықталуда. Осы жағдайларға жол бермеу мақсатында Ауыл шаруашылығы, Кәсіпкерлік басқармаларына Статистика департаменті мен монополияға қарсы ведомствомен, басқа да мүдделі органдармен бірлесе жұмыс істеп, нарықтағы жағдайға жүйелі мониторинг жүргізу тапсырылды. Қала әкімі Әділбек Жақсыбеков негізсіз көтерілген әрбір бағаны қалт жібермей, нақты шара қолдану керектігін қадап айтты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

15 + 6 =