Бабалар үні

0 17

Ұлттық өнеріміздің мәртебесін арттыру және дәстүрлі әндердің кең таралуына үлес қосу мақсатында «Бабалар үні» этно-фольклорлық дәстүрлі өнер фестивалі өтуде. Жобаның авторы және ұйымдастырушысы – еліміздің еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Майра Ілиясова.Жүректі қозғап, көңілдің қылын шертер қазақтың дәстүрлі әндерінде терең ой, өрекпіген өр сезім, сарқылмас сағыныш, өмір шындығы мен рухани биіктік бар. Өзіндік сарынымен, өзгеше айтылу мәнерімен дараланатын төл туындыларымыз арқылы бүкіл жас ұрпақты тәрбиелеуге болатыны ақиқат. Өйткені бая­ғының баянды әндері жаныңды тербетіп һәм емдейтін тылсым күшке ие. Қазақ әндері – батыр да ақын бабаларымыздың үні. Оны жаңғырту және ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу – алдыңғы буынға аманат.
Ұлттың болашағы үшін ұлттық өнеріміздің жүгін арқалап жүрген таланттарға қолдау көрсету мақсатында «Бабалар үні» жобасы ұйым­дастырылып отыр. Бұл жобаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен және өзге мемлекеттерде де баба мұрасын ұмытпай, ұлықтап жүрген әншілер, өнерпаздар қатыса алады. Қазақтың дәстүрлі әндерін домбыра, сырнай және ансамбльдердің сүйемелдеуімен орындай отырып, кеңінен насихаттау – жобаның негізгі міндерінің бірі.
Байқау жұмыстары 25 қыр­күйекке дейін аралығында mairaonerortalygy@mail.ru поштасында қабылданады. Жіберілген әр жұмыс арнайы тағайындалған комиссия мүшелерінің іріктеуі­нен өтеді. Байқау соңында әр номинация бойынша бір ғана шығарма жеңімпаз атанады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen − three =