Азық-тұлік жәрмеңкесі

0 24

Нұр-Сұлтанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Оған жалпы салмағы 500 тоннадан асатын азық-түлік әкелінді. Қала тұрғындары арасында, негізінен, етке деген сұраныс жоғары болды. Мұндай бастама енді әр сенбі, жексенбі күндері тұрақты түрде өткізіледі.– Тауар өндірушілермен кездесіп, сөйлесіп, келісімге келіп, олармен төмен бағаға келісім жасадық. Жәрмеңке сенбі және жексенбі күндері өтеді. Осы заттар арзан сатылуы үшін біз ақша алмаймыз. Демалыс күнгі жәрмеңкелердің маңызы зор. Себебі мұнда тұрғындар бірінші қажеттіліктегі азық-түлікті нарықтан төмен бағаға сатып алады, – деді сауда орталығының бөлім басшысы Айтуған Күзербаев.

Жәрмеңкеге Ақмола, Қарағанды облыстарының елордаға жақын аудандарынан шыққан отандық тауар өндірушілер, шаруа және фермерлік қожалықтар, сондай-ақ қаланың жеке кәсіпкерлері қатысты. Ақмола облысынан «Макенова» ЖК, «Кулкатово» ЖК, Қарағанды облысынан «Асхат» ет шаруа қожалығы, Петропавлдан «Панченко» ЖК кондитерлік өнімдері, «Роза» ЖК шұжық өнімдері әкелінді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × three =