Азық-түлік қоймасы ашылды

0 225

Елордада жаңа азық-түлік қоймасы ашылды. «ArUl Communication» ЖШС-не қарасты бұл нысан 3 850 тонна көкөніс пен азық-түлік өнімдерін сақтауға есептелген. 

Шаруашылық басшысы Ұлан Арынбековтың айтуынша, аталған нысан елорданың азық-түлік белдеуін қалыптастыруға көмектесіп, жеміс-жидек пен көкөніс өнімдерінің бағасын тұрақтатуға мүмкіндік бермек. «Бүгінде қоймаға 3 850 тонна өнім сыйғызуға болады. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 10 мың тоннаға дейін жеткізу көзделген. Ол үшін қойма жанынан қосымша нысандар салынады. Қазіргі кезде қоймада 500 тонна картоп бар, тағы пияз қабылдап жатырмыз. Ал арнайы сақтау камераларында республиканың оңтүстігінен келетін алма өнімдерін сақтауға мүмкіндік бар. Себебі, бұл жерде Голландияның технологиясы негізінде ұзақ мерзімге сақтау шаралары қарастырылған», – дейді Ұ.Арынбеков.

Жаңа жобаның жалпы құны – 403 млн теңге. Оның 245 млн теңгесі – «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның қаржысы.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × 3 =