Азық-түлік қауіпсіздігі – басты назарда

0 16

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету негізгі мәселе екенін атап өтті.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін төмен бағамен сатуды ұйымдастыру жұмыстары жалғасып жатыр. Ең бастысы – қала тұрғындарына сапалы отандық азық-түлік алу мүмкіндігін жасау.
Ақмола облысының ауылшаруашылық, атап айтқанда, сиыр және құс етін, сүт, жұмыртқа, т.б. өнімдерін өндірушілерімен кездестім. Осы саладағы өзекті мәселелерді талқылап, олардың идеялары мен ұсыныстарын тыңдадым. Әрбір өндірушімен делдалсыз ынтымақтаса отырып, әкімшілік кедергілерді жоямыз.
Елорданың азық-түлік қауіпсіздігі негізгі мәселе екені карантин кезінде білінді. Өнімді өндіріп қана қоймай, оны дұрыс сақтай білу де керек. Жеке инвесторлардың есебінен төрт бірдей ірі көтерме-тарату орталығының және көкөніс сақтау қоймаларының құрылысы жүргізіліп жатыр. Отандық өндірушілерді қолдау аса маңызды» деп жазды қала әкімі Instagram парақшасында.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

11 + 3 =