Азияның үш дүркін чемпионы

0 12

Біріккен Араб Әмірліктерінің Әбу-Даби қаласында джиу-джитсудан «Asian Jiu Jitsu Championship 2021» Азия чемпионаты өтіп жатыр. Байрақты бәсекеге 19 елден 500-ге жуық спортшы қатысуда. Жарыс­тың алғашқы күні ел намысын қорғаған елордалық спортшылар «NE-Waza» бөлімі бойынша сынға түсті.

57 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған елордалық спортшы Галина Дуванова жарыстың алтын жүлдесін жеңіп алып, үш дүркін Азия чемпионы атанды.
Чемпионаттың алғашқы екі кездесуінде Галина қарсыластарын уақытынан бұрын жеңіп, ақтық мәреге жолдама алды. Финалда БАӘ-нің спортшысын да ауырту әдісімен уақытынан бұрын жеңіп, жарыс жеңімпазы атанды.
Азия чемпионатында сынға түскен Ислам ­Мамилов пен Нұржан Батырбеков 69 келіде қарсылас шақ келтірмеді. Финалдық кездесуде екі спортшымыз алтынды өзара сарапқа салды. Нәтижесінде Ислам Мамилов бірінші, Нұржан Батырбеков екінші орын алды.
Осылайша елордалық спортшылар ел құрамасының қоржынына екі алтын, бір күміс жүлдені салды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two + 19 =