Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1164

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1165

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1166

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1177
«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Азиядағы Давос

Биыл 11-ші рет өтетін Астана экономикалық форумы жаһандық диалогтың жаңа орталығына айналады

0 173

Астана соңғы жылдары халықаралық қауымдас­тықтың назарын ірі-ірі жаһандық деңгейдегі іс-шаралармен өзіне аударып келеді. Өткен жылы елордамызда «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтті. Ал биыл 17-19 мамыр аралығында әлемдік саясаткерлер мен сарапшылар, алуан түрлі сала мамандары, ғалымдар мен технологтар, шенеуніктер мен қаржыгерлер, экономистер мен журналистер AEF-2018 Global Challenges Summit-інде бас қосады.

Басқосудың формасы мен мазмұны өзгереді

Диалог алаңы бір күнде пайда болған жоқ. Бұл – сонау 2008 жылдан бері Астанада жыл са­йын өтіп келе жатқан экономикалық форум. Айтарлығы, ол биыл ребрендингін өзгертіп, 11-інші мәрте AEF-2018 Global Challenges Summit деген атаумен өтетіні. «Астана ақшамы» газеті жаңа саммиттің ескі форматтан қандай айырмашылығы болатынына, жаһандық басқосуда қандай тақырыптар талқыланатынына және ол елімізге қандай пайда әкелетініне қысқаша талдау жасады.
Сонымен… бұл басқосу бұ­рын­­­ғыдан өзгерек болады. Өйт­­кені әлем өзгеріп жатыр. Әлеммен бірге Қазақстан да жа­ңарды. Ендеше, жыл сайын өтетін форумның формасы мен мазмұны түгел өзгеруі тиіс. Ондағы мақсат – жаңарған форум жаһандық деңгейдегі алдыңғы қатарлы саммиттердің біріне айналуы қажет. Ол үшін үш күндік іс-шаралар үш бөлікке бөлінген: іскерлік бағдарлама, стратегиялық жоспар және зерттеулер нәтижесі. Алғашқы екі кезеңде мамандар сөйлейді, ал үшінші кезеңде жаңа ғасырдың машиналары «сөйлейді».
Негізінен алғанда, диалог алаңында жаһандық сын-қатерлерге адамзат қалай тосқауыл қоя алатыны туралы әңгіме өрбиді. Мәліметтердің дерек көздері БАҚ, академиялық басылымдар, әлеуметтік желілер болмақ. Алқалы жиынға қатысушыларға ақпарат беру фор­масы да өзгереді. Бұрынғы форумдарда панельдік сессиялар өткізіліп, түйткілді мәселелер ашық талқыланатын-ды. Бұл жолғы саммиттің форматы бөлек. Атап айтсақ, баяндамалар мен талқылаулардың орнына заманауи инновациялық тұсаукесерлер, TEDtalks-тер, нарықтың алдағы дамуын болжай алатын визионер-сарапшылардың таныстырылымдары, воркшоптар қолданылады.

Зарема ШӘУКЕНОВА, Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі:

– Қазақстан қазір жаһандық қатерлерге жауап іздеу үдерісіне өтті. Бұл орайда 11-ін­ші саммит көптеген мүмкіндіктер әкеледі. Өйткені онда күллі әлемнен жиылған сарапшылар ортақ тұжырым жасайды. Ең маңыздысы, бұл басқосуда әлемдік экономика мен саясаттың ең түйткілді мәселелері талқыланып қана қоймай, ортақ ұстаным қалыптасады. Бұл – бір алаңда әлемдік технологиялық элитаны біріктіретін Орталық Азиядағы және дүние жүзіндегі қауіп-қатерлерге жауап іздейтін аса ауқымды шара. 11-інші Астана экономикалық форумының негізгі түйіні халықаралық беделді сарапшылар қатысатын стратегиялық сессия болмақ. Сол жерде Қазақстандағы технологиялық секірістер туралы ой-пікірлер толық жинақталып, нақты бір түйін жасалады.

Ботагөз ТӨРЕХАНОВА, Еуразиялық интеграция институтының әлеуметтік зерттеулер департаментінің директоры:

– Меніңше, форумның ұйымдастырушылары ұсынған жаңа формат өте қызықты әрі заманға сай. Жаһандық мәселелердің жаңа мүмкіндіктер түрінде ұсынылуы өте тартымды. Бүгінгі күннің өзекті тақырыптарын заманауи форматта талқылауға көшуіміз керек. Өз басым интеграциялық құрылымдардың келешегіне, әсіресе, Еуразия құрлығында қалай дамитынына үлкен қызығушылық танытамын. Болашақта барлық елдер бірігеді. Ешбір мемлекет оқшауланбайды. Бөліну тек қауіп пен шығын әкелуі мүмкін. Сондықтан интеграциялық үдерістер жаһандық деңгейде қалай дамиды деген мәселе ойландырады.

11-інші басқосуда 11 тренд талқыланады

Алдын ала мәлім болғанындай, саммитте 450-ден астам әлемдік деңгейдегі сарапшы-мамандар сөз сөйлейді. Олардың арасында халыққа танымал сая­саткерлер де, әртүрлі сала мамандары да бар. Мәселен, Фран­суа Олланд (Франция), Романо Проди (Италия), Пан Ги Мун (Корея), Лиам Максвелл (Ұлыбритания), Идрис Джала (Малайзия) сияқты саясат серкелерін; Митио Каку, Обри ди Грей, Бруно Лан­вин, Энтони Атала, Эндрю Макафи, Рае Квон Чунг сияқты әлем мойындаған ғалымдарды; Стив Возняк (Apple), Крис Бартон (Shazam), Лэирд Кэган (McAfee Capital Partners), Джонатан Вотцель (McKinsey&Company), Тони Вандерберг (Amazon), Цзинь Лицюнь (AIIB) сияқты ғаламды өзгерткен кәсіпкерлерді атауға болады. Мәртебелі меймандардың ішінде бұрынғыдай Нобель сыйлығының лауреаттары көп емес. Өйткені биылғы спикерлер нақты бір тақырыптар бойынша таңдалған.
Саммиттегі талқыға түсетін тақырыптар да сан алуан: құлтемірлер әлемі, 3-інші жаһандық соғыстың алдын алу, адамзатты асырайтын технологиялар, сапалы ауызсу, жасыл энергия, ұзақ өмір сүру, мәдени трендтер, «ақылды» қалалар, «жасыл» ақшалар және т.б. Ғаламшар халқының жартысынан астамы қалаларда тұрады, ал дамыған елдерде қала халқының саны 70-80% жоғары. Адамдар мен процестердің тым шоғырлануы ресурстарды тиімдірек пайдалануға ғана емес, медициналық инфрақұрылым мен қызметтерді қолжетімді етеді, бірақ адамдардың денсаулығы мен әл-ауқаты үшін қатер төндіреді. Дегенеративті аурулар әлемде өлім-жітім мен мүгедектіктің себебіне айналды. Психикалық бұзылыстар, обыр, сусамыр, семіздік тәрізді ауытқулар ірі мегаполистердің, демек ел мен әлем халқының басым бөлігінің тұрғындары үшін қатерге айналды. Жұқпалы емес аурулардың артуы проблемасын шешудің қиындығы олардың көбіне-көп тікелей емделмейтінімен және өмір сүру салтын ұзақ уақытқа түзетуді қажет етуімен түсіндіріледі. «Қалалар әлемі» тақырыбында «XXI ғасыр­да табысты мегаполисті қалай құруға болады?» деген мәселе кеңінен талқыланады. ХХ ғасыр­да әлемде бірқатар жаңа қалалар пайда болды: Бразилия, Канберра, Нью-Дели. XXI ғасыр да одан қалмады: жүзжылдықтың алғашқы он жеті жылында Сонгдо, Нейпьидо, Мальме, Масдар Сити пайда болды. Экологияны қорғау, инновациялық қала құрылысы жүйелері, бизнес үшін қолайлы заңдар – жаңа қалалар үшін қажетті шарттардың бір бөлігі ғана. Қаланы нөлден бастап қалай салуға болады және заманауи мегаполис қандай талаптарға сай келуі тиіс? Міне, бұл – бір ғана дөңгелек үстелге жоспарланған тақырып.
Басқосуға жиылған жұрт басын қатыратын мәселе көп. Солардың бірі – таза ауызсу мен азық-түлік тапшылығы, ұзақ өмір сүру. Қазір ғаламшар халқының саны үздіксіз өсіп келеді. 2050 жылға қарай әлем тұрғындарының 70%-ы (9 млрд-ы) қалаларда тұрады деп болжануда. 10 млрд адамға жуықтады. Халыққа қажетті табиғи ресурстардың жетіспеу­шілігі әлемдік қауымдастықты қатты алаңдатуда. Жердің хал­қын таза ауызсумен, сапалы азық-түліктермен қамтамасыз ету мәселесін де сарапшылар
бүге-шігесіне дейін талқыламақ. Дамыған елдердегі заманауи технологиялар адамның жасын 80-ге дейін ұзартуға мүмкіндік беруде. Денсаулық сақтау саласында жасалған реформалар тіпті 120 жасқа дейін ұзартуға жол ашады дейді ғалымдар. Алайда әлем мемлекеттерінің үкіметтері бұл проблеманы шеше ала ма?

Жаһандық саммит Қазақстанға не береді?

Біріншіден, күллі әлемнің назары Астанаға ауып, шетел инвесторларының қызығушылығы артады. Демек, мүмкіндікті пайдаланып, тәуелсіз Қазақстанның барлық жетістіктерін көрсете білуіміз керек. Әсіресе, инвес­тиция салатын жерлер. Себебі саммитке Еуропа пен Азияны айт­пағанда, Американың беделді компаниялары, банктері, венчурлық қорлары келеді. Екіншіден, ой-пікір алмасу және ғы­лым жетістіктерімен бөлісу белгілі бір салаларда нақты шешім қа­был­дауға көмектеседі. Яғни жа­һандық инновациялар мен тех­нологияларға қолжетімділік артады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды