Азия чемпионатына кімдер барады?

0 47

Бокстан ерлер және әйелдер арасындағы Азия чемпионаты 21 мамыр-1 маусым аралығында Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы Дубайда өтеді.Құрлық біріншілігінде Қазақстан құрамасының атынан сынға түсетін боксшылардың есімі белгілі болды.
Ерлер құрамасы: 49 кг – Даниял Сәбит (Батыс Қазақстан облысы), 52 кг – Сәкен Бибосынов (Түркістан облысы), 56 кг – Сабырхан Махмуд (Шымкент қаласы), 60 кг – Серік Теміржанов (Павлодар облысы), 64 кг – Закир Сафиуллин (Түркістан облысы), 69 кг – Абылайхан Жүсіпов (Қарағанды облысы), 75 кг – Әбілхан Аманқұл (Жамбыл облысы), 81 кг – Бекзат Нұрдәулетов (Маңғыстау облысы), 91 кг – Василий Левит (Астана қаласы), +91 кг – Қамшыбек Қоңқабаев (Қызылорда облысы). Құраманың бас бапкері – Ғалымжан Кенжебаев.
Әйелдер құрамасы: 48 кг – Алуа Балқыбекова (Жамбыл облысы), 51 кг – Назым Қызайбай (Алматы қаласы), 54 кг – Дина Жоламан (Ақмола облысы), 57 кг – Владислава Кухта (Қарағанды облысы), 60 кг – Римма Волосенко (Нұр-Сұлтан қаласы), 64 кг – Милана Сафронова (Қостанай облысы), 69 кг -Валентина Хальзова (Нұр-Сұлтан қаласы), 75 кг – Марина Вольнова (Нұр-Сұлтан қаласы), 81 кг – Фариза Шолтай (Шымкент қаласы), +81 кг – Ляззат Күнгейбаева (Нұр-Сұлтан қаласы). Құраманың бас бапкері – Ерік Алғабек.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twenty + eighteen =