Азия балуандары қазақша күреседі

0 166

Астанада 26 тамыз күні Қазақ күресінен Азия чемпионаты өтеді.

Халықаралық Қазақ күресі федерациясының хабарлауынша, бұл турнирге 10-нан астам мемлекеттен 80-ге жуық балуан қатысады.
Бүгінгі таңда Жапония, Өзбекстан, Тәжікстан және Моңғолия елдерінің чемпионатқа келетіндерін растады. Сонымен қатар, Иран, Пәкістан, Үндістан елдері де өз балуандарын дайындап жатыр.
Халықаралық Қазақ күресі федерациясы бас хатшысының кеңесшісі Ұлан Рысқұл «Бұл біріншілікті ұйымдастырудың негізгі мақсаты – қазақ күресінің тек біздің елде ғана емес, шетелдерде де дамуына үлес қосу, үздік жетістіктерге жетуге ықпал ету. Жарты жылдың ішінде біз халықаралық қазақ күресі чемпионатын өткізіп үлгердік. Оған 40 мемлекеттің спортшылары қатысты. Жуырда ғана Грузия елінің Батуми қаласында Еуропа чемпионатын ұйымдастырдық. Оған Еуропаның 24 мемлекеті қатысты. Енді Астана қаласында Азия чемпионаты жалауын желбіретеді» деді.
Жарыс жүлдегерлері абсолютті салмақта және 9 салмақ дәрежесі бойынша анықталады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × four =