«Әзім әңгімесін» ұсынады

0 24

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекетік би театры Астана күніне орай 4 шілдеде Абай Құнанбайұлының «Әзім әңгімесі» шығармасы желісімен хореографиялық спектакльдің премьерасын өткізеді.«Әзім әңгімесі» хакім Абайдың аяқталмай қалған шығармасы. «Мың бір түннің» бір тарауының өлеңге айналған нұсқасы. Әзімге кездескен жәдігөй шал ғалымдардың ашқан ғылыми жаңалықтарын өзінің бас пайдасына пайдаланып, неше түрлі зымияндыққа барады. Поэмадағы алхимик жәдігөй шал өзінің мақсатын орындау үшін Әзімді алдап, тау басына, ысылдаған әбжылан, айдаһарлардың ішінде қалдырады. Қойылым соңында олар кенеттен екі жаққа айрылысып кетеді.
Спектакльді қоюшы хореографтар – С.Дүзбаев, А.Беглова, Ұ.Изенаев, М.Байболова. Қоюшы-режиссер – Қ. Ағымбаева. Авторы – Е.Ағымбаев. Музыка авторы және музыкамен өңдеген – Қорғанбек Ержан. Киім дизайнері – Ақбота Тоқтасынова. Қойылым сағат 20.00-де Тұран даңғылы, 2/6 мекенжайындағы амфитеатрда өтеді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 + 9 =