ӘЗІЛ-СЫҚАҚ САЙЫСЫ ӨТЕДІ

0 98

Астана думаны келушілерге күлкі дәруменін де сыйламақ. 7 шілде күні 19:00-де Бейбітшілік және келісім сарайында әзіл-сықақтан «Қалалар айқасы» халықаралық жекпе-жегі өтеді.

Осы күні Астана шексіз шат күлкінің шаңырағына айналады. Қыран-топан күлкіге батыратын жекпе-жек барысында Ресей мен Қазақстанның танымал телевизиялық жобалары көрсетіледі. Фестиваль бағдарламасына әзіл-сықақ бағдарламаларының көшбасында тұрған «Мәссаған» жобасы, «Лица Столицы», «KZландия» скетч-шоуы енгізілген. Сонымен бірге, «Наша Russia», «Comedy Club» тележобаларының авторы – Семен Слепаков, КТК ойындары атынан «Нарты из Абхазии» думанды тобы қатысады.

«Қалалар айқасы» жобасының жүргізушілері – КТК жоғары лигасының чемпионы Эндрю Нджогу (Мәскеу) және Дәуіт Шайхисламов.
Жаңа форматтағы баламасы жоқ әзіл-сықақ жекпе-жегі алғаш рет ұйымдастырылмақ. Көрермендер күнде ести бермейтін езуге күлкі үйірілтетін ерекше тіркестер мен қағытпа қалжыңдарға қарық болмады.Оларды танымал тұлғалардан тұратын қазылар алқасы бағалайтын болады. Жекпе-жек жеңімпазына естелік сыйлықтар табысталады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fifteen + eighteen =