АЗАТТЫҚТЫҢ АСТАНАСЫ

0 123

Тәуелсіздік – қазақтың маң­да­йына қонған ғажайып бақ. Ға­­­жа­йып­ бақ­­тың­ жо­лын­да­ қан­­ша қажыр-қайрат, күш-жі­гер­ жоғалттық, тіпті, қанымыз бен­ терімізді төктік! Бұл – ай­та­ры көп, қасіреті зор басқа һәм салмақты әңгіме. Әйтеуір, дербестікке дейін ділімізден де, тілімізден де, дінімізден де, керек болса, діңімізден де көз жазып қала жаздағанымыз ақиқат. Сол тәуелсіздік қазаққа орасан­ құндылықтарын қайтарды. Керемет дүниелерімен қауыш­тыр­ды. Өшкенін тұтатып, тарихымен табыстырды. Ше­ге­­леп айтар тұсы, тізгін ұстар тұлға сыйлап, Астананы сал­дырды. Қазақтың Астанасын! Сондықтан ғой, Елбасы мен­ елорданың егіз ұғымдай қатар айтылатыны. Ал, дәл бү­гін тарқатылар тақырып былай: Тәуелсіздік тарту еткен Астана қазаққа не берді?..

Кеше мен бүгіннің келбеті

…Таңдау Сарыарқа төсіне түсті. Себептер­ көп. Бірі емес, бірегейі сол, астана тә­жі­ Ал­ма­тының басында тұрғанда өңір орта­лық­тан шалғай-тұғын. Теріскейдегі ықпалды мем­­лекеттің әсерінен Арқа жұрты ана тілін шұ­­барлай бастады. Қос ел арасындағы шекара­да да шешімін күткен түйткілді мәселелер же­тер­лік-тін. Бос жатқан сайын далаға қарап, жұ­тынып отырған алпауыттар ше?.. Өзекке түс­кен жегідей бұл жағдаяттар ел ертеңін ой­ла­­­­ған­дардың көңілін еріксіз алаңдата берді.

Несін тізбектей береміз ине-жіпке? Бә­рі көз алдымызда өзгерді. Мемлекет эко­но­ми­ка­сын­да­ғы, әлеуметтік саладағы проб­ле­маларға қа­ра­мастан, Ақмола Астанаға ай­нал­ды. Пре­­зи­денттің бұл тәуекеліне ке­ре­ғар пікірлер легі бір­ төбе. «Өзін сүйрей ал­май жүрген елдің Ас­­тана салғаны – қай сас­қаны?..» деушілер іші­­міз­ден де, сырттан да­­ табылды.
Бір замандарда бабалар Есілдің бойын ер­­­кін жайлады десек те, Ақмола өзеннің оң жа­­­ға­лауындағы келбеті жұпынылау шағын қа­­­ла еді. Сол жағалау… сол жағалау иен дала! Көк­­жиек қана көрінеді. Жамбастап алты ай жа­­тып алатын қаһарлы қысын – ақырған аязы мен­ ала­қан­шық боранын айтыңыз!

Бүгін. Бүгін мақтанар тұсымыз көп. Иен да­­ла­ға ел қонды. Ел қонған жерге аспан ті­­ре­ген­ зәулім ғимараттар бой түзеді. Хан та­ғы ор­­ныққан Ақорда! Астананың айбары­­на­ ай­­­налған «Бәйтерек»! Төл дініміздің шуа­ғын­­ шашқан Әзірет Сұлтан, «Нұр-Ас­та­на» ме­шіт­тері! Ертеңінен үміт күттірген әлем жас­­тарын, қазақ жастарын білімге ша­қыр­ған­­ На­зар­баев­ уни­вер­си­те­ті!­ Түр­лі­ ұлт­­ пен­­­ ұлыс­тың­ ба­сын­ бір­ ша­ңы­рақ­ ас­ты­на­­ бі­­­­­­рік­­­­­тір­ген Бейбітшілік және келісім сара­йы! Сұ­лулығымен таңдай қақтырған «Хан ша­­­тыр»! Нобайын Елбасының өзі сызған На­­­­зар­­баев орталығы! Іргесі көтеріліп, қа­­быр­­­­­ғасы қаланып жатқан «Әбу-Даби Плаза» қо­­­­нақ үйі, опера және балет театры… Жаңа ға­­­­сырдың тұңғыш мүшелі енер тұста тағы бір­­­неше нысан ел игілігіне айналатынын сүйін­­шіледі әкімдік кеше.

Мұ­ның бәрі – Астананың қазаққа тартуы!

«…Қазақ тілі көшіп келді»

Сөз басында, сонау тұста ақмолалық аға­йын­ның тілі орыстанып кеткенін айттық. Кінә­лап емес. Жан күйзеліп. Өйткені, іргеде Ресей… Сарыарқа бас шаһардың тәжін алғалы өңір-өңірден Астанаға ағылған қандастар қата­ры жиіледі. Бос келмеді, елорданы өсірем, өркен­детем деп келді. Жоғарыда мақтанған жетістіктер де – ізгі ниет пен пәк пейіл жұм­сал­­ған істің нәтижесі. Бұл нәтиже тілде де бай­­қалды. Яғни, қазақыландық. Қазақтың Аста­­насы қазақ тілінде сөйлей бастады. Осы орай­да, қаламгер, ана тілінің жанашыры Ербол Шаймер­деннің айтқаны еске түседі: «Астананы Арқа төсіне көшіруді жүрегіммен, жаным­мен­ қабылдадым… Өзім осы өңірдің жай-күйін, жағдайын бұрыннан жақ­­сы білетінмін. Әлі есімде, 1985 жылы қа­­зіргі Астана – сол кездегі Целиноград қа­ла­­­­сына Петропавлдан алғаш көшіп келген уа­қытта біздің үйдегі жеңгең «Бұл жақтың ба­­зарында қазақтар бар екен!» деп қуанып жү­­­ру­ші еді. Елорда мәртебесі өңірге үлкен оң­ өзгеріс ала келді.

…Астана Ақмолаға көшер тұста Мәдениет, ақ­парат және қоғамдық келісім министрлігіне қа­­расты Тіл департаментін басқаратынмын. Оған қоса, республикалық ономастикалық ко­­мис­­сия төрағасының орынбасарымын. Бір кү­­ні министр хабарласып, «комиссия құрамы тү­­гел жиналуы керек, барлығын Ақмолаға алып келіңіз» деп тапсырды… Үлкен жиын өтіп, қала басшылығы мен мәслихат депутат­та­­ры Ақмола қаласының атауы Астана бо­лып өз­гер­тіл­сін­ деген ұсыныс түсірді. Оно­мас­ти­ка­лық комиссияның шешімімен бұл ұсы­ныс­ты­ Ел­ба­сының қарауына жібердік.

…1998 жылдың 18 мамырында Тіл депар­та­менті еліміздің бас қаласына көшіп келген­ күн ел өміріндегі үлкен оқиға ретінде қа­был­дан­ды. «Егемен Қазақстан» газетінің бі­рінші бетінде «Астанаға қазақ тілі көшіп кел­ді» деген тақырыппен көлемді мақала жарық көрді. Өйткені, ол кезде Астанадағы қазақ тілінің жағдайы өте мүшкіл халде болатын.». Енді нақты мәліметтерге жүгінелік. Жуырда Астанада жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің нәтижесіне сәйкес, қазақ тілін білетіндер шамамен 77 пайызды құраған. Ал, өзге ұлт өкілдерінің ішіндегі мемлекеттік тілді білетіндер 22,2 пайыз екен. Сұралғандардың 75 пайызының пікірінше, соңғы екі жылда елордада мемлекеттік тілдің қолданылуы едәуір ұлғайған. Ал, тіл үйренгісі келетіндердің 44,6 пайызы – 18 бен 25 арасындағы жас-тар. Көрсеткіштер нені білдіреді? Өзінің келешегін ойлаған саналы жастар мемлекеттік тілді үйренуге ұмтылып жатыр деген сөз.

Бұл – Астананың ең үлкен жеңісі!

Көше атауларында көп сыр бар

Елордадағы басқосулардың бірінде белгілі қаламгер Ғарифолла Әнестің «Астананың көшелерінің атауына разы болдым. Бір-бірімен ғажайып үйлесімін тауып, тарихи дүниелерді қайта тірілткендей екен» дегені бар-ды. Айтса, айтқандай-ақ, Абай, Абылай хан, Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр даңғылдары, Бауыр-жан Момышұлы, Рахымжан Қошқарбаев даңғылдары… Қандай жарасымды! Сарыарқа, Тәуелсіздік, Тұран даңғылдары… Тамаша! Бас шаһардың он жылдығында ғой, «Астана көшелерінің атаулары» атты жинақ жарық көрді. Кітаптан кешегі К.Маркс көшесінің бүгін Кенесары, «Смакотин» – Жәнібек Тархан, «Социалистическийдің» Мұхаммед Хайдар Дулати көшесі болғанын байқаймыз.
Астана көшелеріне ат қоюда «мың өліп, мың ті­рілген» халқымыздың азаттық жолындағы та­рихи оқиғаларға, байырғы жер атауларына­ ай­рық­ша басымдық берілген. Айталық, Аңы­рақай көшесі –Мұғалжар көшесінен бас­талып, Ақкемер, Жайсаң көшелерімен қиы­лы­сады. Аңырақай – біріккен қазақ қо­лы­ның жоңғар басқыншылығына қарсы кү­­ресте жеңіске жеткен жер. Қозыбасы кө­шесі – Мұстафин көшесінен басталып, Іле кө­­­шесінде аяқталады. Ал, Қозыбасы – Қазақ хан­дығының құрылған жері. Елім-ай көшесі – Жа­лаири көшесінен басталады. Ақтабан шұ­бырынды жылдарында қазақтың «Елім-ай­лағанын» естен шығармасақ игі!..

Елорда көшелерінің есімі Қазығұрт, Ұлы­тау, Қаратау, Қарасаз, Ордабасы, Торғай, Тар­ба­ға­тай деп, тағы жалғасады. Айтпақшы, әйел-ана­ға деген шексіз құрмет те бас қаланың на­зарынан тыс қалмаған. Сол жағалау мен оң жағалауды серуендеп жүрсеңіз Домалақ ана, Қарашаш ана, Қарқабат ана, Ұмай ана, Ай­ша бибі, Тұмар ханым, күйші Дина, ақын Са­ра атындағы көшелерді де көзіңіз шалады…

Міне, рухымызды өсірген осы жетістіктер биі­гінен өткенге қарасақ, еріксіз «Астананың та­рих алдындағы өтеуі ғой» дей бересіз. Ра­сы,­ солай!

Асхат РАЙҚҰЛ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × 1 =