Азаматтық қоғам алға басады

0 29

Кеше Нұр-Сұлтан қаласы Азаматтық бастамалар орталығында елорданың азаматтық секторының дамуына үлес қосып жүрген әйелдерді марапаттау рәсімі өтті.

Мерекелік шарада елордадағы 40 ҮЕҰ-ның өкілі қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
«Құрметті ханымдар, сіздер тек Нұр-Сұлтан қаласының ғана емес, бүкіл еліміздің азаматтық қоғамының алға басуына үлес қосып жүрсіздер. Әрқайсыңызды бағалаймыз, сыйлаймыз. Жасап жатқан жұмыстарыңыз ауқымды, әсіресе әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсету, балаларды оңалту сияқты саладағы еңбектеріңіз өлшеусіз. Қала әкімдігінің атынан сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер» деді Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов.
«Право» қоғамдық қорының директоры Ольга Рыль әкімдік өкілдеріне алғысын айтып, үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік органдардың кез келген бастамасы мен жаңа жобаларын қолдауға дайын екендерін жеткізді.
«Құрметті ханымдар, әріптестер, сіздердің атыңыздан ұйымдастырушыларға алғыс білдіруіме рұқсат етіңіздер. Сіздер бізге сене аласыздар, біз әрқашан бастамаларыңызды қолдауға дайынбыз» деді Ольга Рыль.
Бүгінде елордада үш мыңға жуық үкіметтік емес ұйым тіркелген.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve − 1 =