Азаматтарды қабылдау тұрақты өтеді

0 22

Нұр-Сұлтан ­қаласының әкімі Алтай Көлгінов екі күн қатарынан азаматтарды жеке қабылдады.

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан – әлеуметтік көмек алу, қаладағы бітпеген құрылыстардың аяқталу мерзімі және басқа да мәселелер көтерілді. Қала басшысы азаматтарды қабылдауды тұрақты түрде жүргізіп келеді. Қабылдау кезінде айтылған өтініш, ұсыныстар негізінде шешімдер қабылданып, жекелеген азаматтарға кеңес берілді.
Жалпы, бас қалада әкімдік тарапынан тұрғындарды қабылдау жүйелі үрдіске айналып отыр. Мәселен, былтыр аудандық әкімдіктер мен қала әкімдігі 11 мыңнан аса адамды қабылдады. Үш ауданның әкімдігінде «бір терезе» негізінде бірқатар мемлекеттік қызметтер көрсететін «Open Akimat» ашылды. Сонымен бірге, азаматтарды қабылдау «Жанұя» орталығында да жүргізіледі.
Алдағы сенбі, 8 ақпан күні «Жанұя» орталығында ашық есік күні өтеді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four + 13 =