Азаматтар сауалы сан алуан

0 9

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Nur Otan партия­сы елордалық филиа­лының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады.Қабылдауда 12 адам көмекке жүгінді. Өті­ніш­тер ішінде тұрғын үй-­коммуналдық шаруа­шы­лығы, тұрғын үй бағ­дарламасына қатысу, ме­­дициналық және атау­лы әлеуметтік көмек, жұ­мысқа тұру, үлестік құры­лыс нысандарын аяқ­­тау сияқ­ты мәселелер көте­рілді. Мәселелердің бар­лығы дерлік сол жерде шешіліп, кейбірі бақылауға алынды. Мысалы, қала тұрғыны С.Дүйсембаев ПИК-тің тұрғындар алдында қаржылық есеп жүргізбейтініне, әрі үйдің жертөлесін заңсыз қоныс­тандыруға шағымданды. Бұған қатысты Алматы ауданының әкіміне тиісті жерге жедел түрде тексеру жүргізіп, шаралар қабылдау тапсырылды. Ал мүгедек бала тәрбиелеп отыр­ған Л.Абзулдинованың өтініші бойынша әкім қажетті тізімді жасап, көмек көрсетуді тапсырды.
Сондай-ақ заңсыз жұмыс­тан босатуға байланысты бірқатар еңбек дауларын жедел түрде шешуге, жеңілдетілген санатқа жататын өтініш білдірушілерге тұрғын үй бағдарламаларына қатысу үшін 1 млн теңге сомасына сертификаттар беру тапсырылды. Елорда әкімдігінің және мемлекеттік орган басшылары партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінде қабылдауды тұрақты түрде өткізетін болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды