©2020 Астана Ақшамы
Азаматтар арызын қараусыз қалдырмаймыз
Виталий Силецкий, Астана қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы
– Виталий Брониславович, өткен жылы Астанада қанша үй пайдалануға берілді?
– 2012 жылы Астанада 62 көпқабатты тұрғын үй, 130 жекеменшік үй және 152 әлеуметтік мәдени-тұрмыстық нысан пайдалануға берілді. Сонымен қатар 2 024 нысанды қайта жабдықтау, қайта жоспарлау және жаңарту жөнінде шешім шықты. Барлығының 1 020 эскиздік жобасы келісіліп, тіркелді. Олардың 55-і жоғары сапалы әрлеу жұмыстары материалдарының жоқтығынан кері қайтарылып алынды. 1404 сәулет-жоспарлау ғимараты пайдалануға берілді.
– Тұрғын үй кешендерін тексеру жұмыстары қалай жүргізілді?
– Сәулет және қала құрылысы басқармасы 2004-2012 жылдары тұрғызылған тұрғын үй кешендеріне тексеру жүргізді. Тексеру барысында елорданың әрбір ауданындағы ғимараттар мен тұрғын үйлердің қасбеттерін жөндеу мен жүргізілген техникалық жұмыстарға ескертулер жасалып, оларды жою ұсыныстары айтылды. Нәтижесінде 29 тұрғын үйге жасалған ескертулер жойылды.
– Қандай кемшіліктер кездесті?
– Тексеру тек ғимараттар мен тұрғын үй кешендеріне ғана қатысты емес. Мәселен, өткен жылы 79 өз бетінше қоршап алу, 49 заңсыз жазғы дәмхана тұрғызу деректері анықталды. Барлық заң бұзушылықтар туралы материалдар тиісті шара қолдану үшін Аймақаралық жер қатынастары инспекциясына жолданды.
– Азаматтардан арыз-шағым көп келе ме?
– Біз әрбір азаматтың арыз-шағымына көңіл аударамыз. Мәселен, өткен жылы басқармаға жеке және заңды тұлғалардан 31 123 хат түсті. Ал, басқарма бастығының жеке қабылдауында 488 азамат болды.
–Рахмет!
Гүлмира АЙМАҒАМБЕТ