Аз қамтылған отбасыларға қолдау бар

0 18

Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы «мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша жұмыс жүргізуде. Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтар, қандастар, босқындар, шетелдіктер мен Қазақстан Республикасында тұрақты қоныстанған азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.

95e1823b7538c652f71ffb1a05104a02

АӘК көрсету критерийі – жан басына шаққандағы орташа айлық табыстың ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен болуы (2021 жылғы 4-тоқсанға Нұр-Сұлтан қаласы бойынша кедейлік шегі 30 855 теңгені құрайды). Отбасының ересек мүшелері мен балаларға АӘК төлеу сомасы кедейлік шегі мен жан басына шаққандағы орташа табыс арасындағы айырманы құрайды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен бекітілген АӘК алуға үміткер адамдарға (отбасыларға) жиынтық табысты есептеу қағидаларына сәйкес АӘК есептеу кезінде еңбекке ақы төлеу, әлеуметтік төлемдер, балаларға алименттер түрінде алынған табыстар және АӘК өтініш берген айдың алдындағы тоқсандағы басқа да табыстар ескеріледі. Сонымен қатар, отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуы шартты ақшалай көмек төлеу үшін міндетті шарт болып табылады.

АӘК учаскелік комиссияның тексеру қорытындысы және отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайлары актісінің қорытындысы негізінде тағайындалады.

АӘК тағайындау мәселелері бойынша алдын ала есептеу жүргізу және толық кеңес алу үшін келесі мекенжайға хабарласу қажет:

Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 14, «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы, өтініштерді электрондық үкімет порталы www.egov.kz арқылы да беруге болады. Байланыс телефоны: +7(7172) 27-86-49

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

12 + 1 =