«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Аяз атаның отауы

0 184

Есіл өзені жағасында «Атырау» көпірі ма­ңынан Аяз атаның ертегідегідей резиден­циясы ашылды. Балалар үйінің 6-11 жас аралығындағы тәрбиеленушілері алғашқы қонақтары болды.

Резиденция алдында қарсы алған аниматорлар квест ойы­нын ойнатып, оларды пошта бөлімшесіне әкелді. Балалар жаз­ған хаттарын жәшікке салды. Ал балалардың қалауы жазылған сыйлықтар тізімі әкімдікке табыс етілетін болады.
Аяз Атаның ертегідегідей резиденциясы 30 желтоқсанға дейін жұмыс істейді, кіру тегін. Ал «Аяз Атаның поштасы», «Қысқы дала ойын-сауықтары», «Аяз Атаның қонақ бөлмесіне» билетпен кіруге болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды