«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Аяқ алып жүру мүмкін емес

0 183

Көктем шығып, қар ерігенде елорда көшелерін қызыл су басып кетпес үшін жергілікті билік жыл сайын алдын ала қам-қарекет жасайды. Бұл үрдіс биыл да жалғасын тапты.

Қазіргі уақытта қаладағы коммуналдық қызмет мекемелері тасқын суға ерік бермес үшін күшейтілген режиммен жұмыс істеуде. Бірақ қаланың кейбір аумақтарында еріген қар суы көлкіп жатыр. Мәселен, Шұбар ықшам ауданындағы Ермеков көшесінде тоң боп жатқан қар күн жылына көлшікке айналып, мұнда аяқ алып жүру мүмкін болмай кетті. Тіпті көше бойындағы лайсаң су көлік қозғалысына да едәуір қиындық тудыруда. Жауапты мамандардың құлағына алтын сырға, коммуналдық қызмет мекемелері тұрғындардың қоңырауын күтпей, Шұбар, Оңтүстік-шығыс, Көктал ықшам аудандары сияқты әсіресе жеке меншік секторларға назар салып, қызыл судың алдын алса болар еді.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды