«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Аялдама таблолары көбейеді

1 161

Қазіргі таңда елорда аялдамаларында 133 табло жұмыс істеп тұр. Соның арқасында жолау­шылар өздеріне қажетті автобустардың келу-кету уақытынан алдын ала хабардар болып отырады.

Бұл, әлбетте, оларға уақытты үнемдеп, оңтайлы бағдар қоз­ғалысын таңдауына мүмкіндік бе­реді. Осы тұрғыда таблода көрсетіліп тұратын деректердің өзектілігі 90 пайызды құрап отыр. Келер жылдың соңына дейін тағы да 182 табло орнатылады деп жоспарлануда.
Автобустың дәл уақытында жүретін қозғалысын бақылап отыруға арналған Astra Bus мо­бильді қосымшасы жасалған болатын. Онда жолаушылар үшін бағдарды бақылап отырудың екі нұсқасы ұсынылған. Біріншісі – картографиялық түр, екіншісі – аялдамадағы автобустың келетін уақытын көрсетіп тұратын табло. Бүгінде бұл қосымшаны пайдаланатындар саны 200 мыңнан асып отыр.

  1. Айгүл :

    Өте жақсы жаңалық. Әсіресе қарттар мен оқушылар үшін пайдалы осы таблолар.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды