Автотұрақ жетіс­пеушілігі жойылады

0 87

Көлік инфрақұрылымы –  қала тұрғындарының мемлекеттік органдарға жүгініп жиі көтеретін тақырыбы. Белгілі бір аумақта жолдың жоқтығы, бар жолдың жарамсыздығы, күрделі жөндеуді қажет ететін көшелер, қоғамдық көліктердің жұмысы… Бұлар – елордалықтардың қала әкімінің сайтына, сондай-ақ мәслихат депутаттарына  күн құрғатпай  қоятын сұрақтары.   Осыған орай мәслихат депутаттары аталған мәселелерді әр тоқсан сайын пысықтап отыруды дәстүрге айналдырды.

Халық қалаулылары мемле­кет­тік органдармен бірлесіп,  қаланың автожолдар желісін және тұрақты инфрақұрылым объектілерін дамыту  мәселе­лері бойынша қоғамдық тыңдау өткізді. Жолаушылар көлігі жә­не автомобильдер жолдары басқармасының бастығы Рашид Аманжолов елорданың көлік инфрақұрылы­мын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы есеп берді. Баяндамашы елорданың көлік стратегиясын іске асыру мақсатында жаңа әкімшілік орталықта кіші кө­лік айналма жо­лы­ның, жаңа көшелердің құ­­ры­­­лысы жүр­­гізі­летін­ді­гін атап өтті. Қа­ла­ның оң бө­лі­гіндегі кө­­ше­­лер­ді қай­та жөндеуге, сон­­дай-ақ жаңа­дан қосылған тұр­ғын алаптарды дамыту бағ­­дар­­ла­масын іске ас­ыруға жете көңіл бөліне­тінін айтты. Бұдан бөлек, ав­­­­то­­­­тұрақ мәсе­лесіне кеңінен тоқ­­­талды.

Бүгінде елор­да­лық жүргізу­шілердің бас ауруы – автотұрақ екені жасырын емес. Көлігін доғарарға жер тап­­па­ған жүргізушілер кейде аулалар мен жол  шетіне қоюға мәжбүр. Басқарма бастығы аталған мәселені шешу үшін арнайы жобаның жүзеге асырылып жатқандығын айтты. Мамандар  тәуліктің мезгіліне байланысты автокөліктер жиналып қалатын проблемалық аймақтардың тізімін анықтады. Зерттеу көрсеткендей, түнгі уақытта – 7 ірі және  күндізгі уақытта – 24 жергілікті аймақ бар. Осыған орай автотұрақ жетіспеушілігі күндізгі уақытта -12,7 мың, ал түнгі уақытта – 48,9 мың орынды құрап отыр.  Бұл мәселені оңтайлы шешу мақсатында қаланың жаңа әкімшілік орталығында 4950 көлікті сыятын  10 автотұрақ салу жоспарлануда. Ең алдымен Достық көшесі бойындағы Қор­ғаныс министрлігі маңында паркингтің құрылысы бастала­ды.

Өз кезегінде депутаттар кө­­ше­лердегі көлік кептелісі, бі­лім беру мекемелеріне ішкі орам­­дық және кірме жолдарды ұйымдастыру, қаланың шет­­ке­рі аймақтарына көлік қаты­на­­сын дамыту мәселелерін ше­­­шу­­дің жолдарын ұсынды. Сон­­дай-ақ, бір топ депутат жол құ­рылысының жобаларын әзір­леу кезінде алдағы уақыттағы перспективаларды ескере отырып, бірқатар түзе­тулер енгізу қажет екендігіне назар аударды.Өйт­кені, жолдар­ды салу және кө­ше­лер­ді кө­гал­­дандыру құрылы­сы жалпы жоспармен үйлесімді әрі кешенді түрде жүзеге асырылуы тиіс. Әрі  жерасты коммуникация­лары мен құры­лыстарын ескерген маңызды. Де­­­­пу­­таттар ба­с­қарманың жұ­мысы­на оң баға беріп, сөз соңын­да қаланың ескі бөлігіндегі жолдарды жөндеу мүмкіндігін табуды тапсырды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × 5 =