Автобусты көп күтесіз бе?

0 112

Күн суытқанда асыққан ағайын қоғамдық көлікті көп күтіп бүр­сеңдейді. Мұндай кезде авто­бустардың арақашық­тығының алшақтығын айтып, шағым­да­ну­шылар да көбейеді. Бүгінде қалада көлік кешені едәуір жақсарып, жаңа жүйелер тиімділігін көрсетіп жатыр. Пайдасы тиген жобаның бірі деп «Astrabus» мобильді қосымшасын айтуға болады.
«Астана ақшамы» газетінің жүр­гізген сауалдамасы барысында тұрғындарға көбі осы қосымшаның арқасында автобустардың уақы­тынан хабардар екенін айтты.

erm_43334

Қазір астаналықтардың үштен бір бөлігі қоғамдық көлікпен жүреді. Бұл көрсеткішті жақсарту үшін автобус парктерін жаңғырту көзделген. Қазіргі таңда қалада 1 140 автобус бар. Оның үштен бір бөлігі – заманауи «IVECO» автобустары. Алдағы 5 жылда шаһардағы автобустар түгелдей жаңаланбақ.  Бұл жолғы сауалдамада тұрғындарға «Автобусты көп күтесіз бе?» деген сұрақ қойып, жалпы қоғамдық көліктерге қатысты пікірлерін білдік.

Бақытжан Нұрбаев:
erm_4940
– Өзім күн сайын құдай берген №10 бағыттағы автобус­пен қатынаймын. Бұл жолдағы автобустар уақытында, тез жүреді ғой. Он екі жылдан бері осы автобуспен жететін жерімізге жетіп жүрміз. Ал әлгі телефоннан қайда келе жатқанын қараудың өз басыма түкке де қажеті жоқ. Өйткені сәл сабыр қылсам, автобустың қарасы көрініп қалады. Менің қолдамайтыным – электронды төлем жүйесі. Жақында енгізіледі дейді. Бірақ осы бізді айтарлықтай әбігерге салатын сияқты. Көреміз не де болса. Оған да үйреніп кетерміз. Бұның да бір тиімділігі бар шығар.

Бекжан Жакишева:

erm_4933
– Мен «Көкталда» тұрамын. Бұл жаққа қатынайтын авто­бустардың саны өте аз. Қашан көрсең, автобус кешігеді де жүреді. Жүйкемізді тоздырады. Күніге №8 автобусқа отырамыз. Бала-шағаны мектепке осы автобуспен апарамын. Әйтеуір балалар телефоннан қарап, қайда келе жатқанын айтып тұрады. Өзім бұны қалай қолдануды білмеймін. Жалпы, автобустардың жетіспеушілігінен діттіген жерімізге деп кезінде жете алмаймыз. Осы бағытқа қосымша автобус қосу керек деп санаймын.

Қымбат Құттыбай:

erm_4949
– Кейінгі кезде автобустардың сапасы жақсарған сияқты. Көп күтпейміз. «Bus lane» жолақ­тары тез жүруіне әжептеуір әсер етті деп ойлаймын. Оған қоса, «Astrabus» қосымшасын қолданған өте қолайлы. Бұрын қайда, қашан жететінінен бейхабар болдық. Ал қазір алыста келе жатса да, күйгелектенбей күтіп тұрамыз. Өйткені қай жерде келе жатқанын біліп тұрамыз ғой.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

15 − one =