АВТОБУСТАР ЖОЛЫ ҰЗАРДЫ

0 122

Ақан сері көшесінің тұрғындары мен «Мақсат» ЖШС қызметкерлері қоғамдық көліктің қосымша маршруттарын ұйымдастыру туралы бірнеше рет өтініш жасауына байланысты Астана қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы №130 және №134 маршруттарының жолын ұзарту туралы шешім қабылдады.

Жаңа жол кестесіне сәйкес №130 маршруты «Шарын базарынан» бастап Қарасай батыр көшесінде орналасқан «№ 36 мектеп» аялдамасына дейін өзгеріссіз жүреді де, әрі қарай Байсейітова көшесі – Фахт Бен Абдул Азиз көшесі – Ақан сері көшесі – Алмалық көшесі – «Тұлпар» ат спорты кешеніне дейін барады. Кері қайтар жолында Қарасай батыр көшесінің орнына Конс-титуция көшесімен жүреді. Ал №134 маршрут енді «Локомотив құрастыру зауыты» аялдамасынан бастап индустриалды парктегі «Мақсат» ЖШС-ға дейін жүреді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

17 − fifteen =