Автобустар қайта тоқтай ма?

0 64

Нұр-Сұлтан қаласында санитарлық нормалар сақталмаған жағдайда, қоғамдық көлік қозғалысы тоқтауы мүмкін. Жолаушылар медициналық маска киіп, қатаң санитарлық нормаларды ұстануға міндетті – қоғамдық көлікке медициналық маскасыз кіруге тыйым салынады.Қоғамдық көлік жұмысын 12 мамырдан бастап жандандырды. Автобустар сағат 06:00-ден 22:00-ге де­йін жүреді. Желіде барлық қалалық бағыттар бар. Жолаушылар ағыны карантинге дейін 750 мыңнан астам адамды құрады. Қазір жолаушылар ағыны осы көрсеткіштің 30-35 па­йызын құрайды. Қала маңындағы бағыттар екінші кезеңде іске қосылады.
Барлық автобустар бұрынғыша дезинфекциядан өтеді. Автобус жүргізушілері барлық қауіпсіздік шараларын сақтайды: маскалар, қолғаптар киеді және антисептик пайдаланады. Жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу қажет. Ол үшін көлік картасы және баламалы тәсілдер қолданылады. Бұл – SMS, QR-код және мобильді қосымшалар арқылы төлеу. Қолма-қол ақшасыз төлеу үлесі карантин енгізілгенге дейін 98 пайызды құрады. Карантин кезінде сатып алынған айлық жол жүру ақысы автоматты түрде пайдаланушылардың көлік карталарына көшірілген. Айлық жол жүру 2020 жылғы 12 мамырдан 11 маусымға дейін жарамды.
Елордада 28 наурыздан бастап 18 жасқа дейінгі балалар көлік картасы болған жағдайда қоғамдық көлікте тегін жүре алады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

16 − fifteen =