Автобустар бағыты ұзартылды

0 142

Т.Рысқұлов көшесі құрылысының аяқталуына және денсаулық сақтау саласының бірқатар жаңа нысандары пайдалануға берілуіне байланысты №30, 40, 41 автобустарының қозғалысын ұзарту туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Астана қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады.

Сызбалар ≪№3 перзентхана≫ аялдамасынан бастап Орынбор көшесі бойындағы ҚР Президенті Істер басқармасының медициналық орталығы емдеу-сауықтыру кешеніне дейін ұзартылды. Бұл шаралар жолаушылардың жаңа салынған объектілерге оңай жетуін қамтамасыз ету үшін және жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру мақсатында қабылданды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 + thirteen =