Автобуста маска тағып жүрсіз бе?

0 48

CTS көлік компаниясының мамандары Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлікте маска режимі қалай сақталатынын тексерді. Олар автобустарға кіріп, жолаушылардың жолақысын тексеріп қана қоймай, бетперде режимінің сақталу-сақталмауын да қадағалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тексерушілер маскасын шешіп отырғандарға және оны дұрыс тақпағандарға ескерту жасады. CTS компаниясы көлік бақылау департаментінің менеджері Алтынай Әлішбекованың айтуынша, олар қазір рейдке жиі шығады. Карантинге байланысты қоғамдық көлікке кірген жолаушылар міндетті түрде бетперде тағу ережесін сақтауы керек болса да, кейбір жолаушылар маска тақпай кіреді. «Біз қазір маскаға қатысты жай ғана ескерту жасап жүрміз. Айыппұл салынып жатқан жоқ. Жолаушылардың тең жартысы бетперде тақса, жартысы тақпай отырады немесе дұрыс тақпайды. Бірақ біз кірген бетте жылдам тағып ала қояды. Қазір қоғамдық көлікте дезинфекция жүргізіліп тұрады. Бірақ маска тағу адамның ауру жұқтыру қаупін азайтады. Адам көп жиналатын жерде барынша қауіпсіздік сақтаған абзал» – деді ол.

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fifteen + 13 =