АВТОБУС ҚЫЗМЕТІМЕН ТАНЫСТЫ

0 120

Кеше елорда әкімі Әсет Исекешев қаладағы Көлікті диспетчерлендіру орталығының жұмысымен танысты. 

23

Орталық қызметкерлері елорда басшысына нақты уақыт режімінде қоғамдық көліктің қозғалысы бағдарын бақылайтын жүйені таныстырды. Өз кезегінде Ә.Исекешев қалалық автобустар жұмысына байланысты Астана тұрғындары тарапынан жиі көтерілетін мәселелерді айтты. Осы орайда қоғамдық көлік жұмысына жауапты мекемелерге бұл ескертулер бойынша тиісті шараларды қабылдауды тапсырды. Сонымен қатар, қала әкімі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында автобустардағы бейнебақылау жүйесіне назар аудару керектігін айтты. Бұдан бөлек, ол жолау­шыларды тасымалдайтын жүргізушілердің біліктілігін арттыратын орталықтың жұмысымен танысып, автобус жүргізушілерін іріктеу шараларына ерекше мән беру қажеттігін атап өтті.  Сонымен қатар, Әсет Исекешев қаладағы өзге де құрылыс нысандарын аралап шықты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twenty + 19 =