©2020 Астана Ақшамы
Автобус бағдары өзгереді
Орынбор, Алматы және Сарайшық көшелері бойында жаңа тұрғын үй кешендері пайдалануға берілетіндіктен, №30 және №42 автобустардың бағдары өзгерді. №30 автобус Сусамыр көшесінен бастап «Министрліктер үйі» аялдамасына дейін өзгеріссіз, одан әрі – Орынбор – Алматы – Сауран көшелерімен – одан әрі ескі бағдар бойынша;
№42 автобус ет комбинатынан бастап Қабанбай батыр көшесі бойымен «17 мектеп-гимназиясы» аялдамасына дейін өзгеріссіз, одан әрі Сарайшық – Түркістан – Қонаев көшелерімен – одан әрі ескі бағдар бойынша жүреді.
Бұл өзгерістер биылғы жылдың 2 наурызынан бастап енгізіледі.
Бұдан бұрын №16 автобустың бағдарына мынадай өзгеріс енгізілген болатын: ет комбинатынан бастап Балқантау көшесінің бойымен «Бесшалқар көшесі» аялдамасына дейін өзгеріссіз, одан әрі Бесшалқар – Шалкөде көшелерімен жүреді, соңғы аялдама – «Промышленный т/а». «Промышленный» тұрғын үй алабына жүретін №13 автобус бағдары жабылғандықтан, тұрғындардың өтініші бойынша осындай шешім қабылданды.
Е.СӘТІМБЕК, Е.ЖАНАТ