Австриялықтарды алып ұрды

0 124

Хоккейден Қазақстан құра­ма­сы әлем чемпионаты қарса­ңын­да Австрия командасымен өткен жолдастық кездесуде же­ңіске жетті.

Владимир Крикунов баптайтын біздің хоккейшілер ойынды белсенділікпен бастап, алғашқы болып есеп ашты. З-ші минутта австриялықтардың қақпасына шайбаны Максим Семенов пен Талғат Жайлауов көмегімен Вадим Краснослободцев тоғытты.

27-минутта Федор Полищук Жай­лауовтың берген шайбасымен команда ұпайын еселеді. Есеп 2:0. Дегенмен, екінші кезеңнің аяқталуына бір минут қалғанда қарсыластар тарапынан Грегор Баумгартнер бір шайба салып үлгеріп, таблодағы көрсеткішті 2:1-ге өзгертті. Ал, үшінші кезеңде екі команда да бір-бірінің қақпасынан саңылау таппады. Нәтижесінде, екінші кезеңдегі есеппен қазақстандықтар жеңіске жетті.

 Ербол ЖАНАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × 5 =